Шелек ауылдық кітапханасы » Сайт Енбекшиказахской районной библиотеки Рейтинг@Mail.ru

» Шелек ауылдық кітапханасы

Массовая работа

Шелек ауылдық кітапханасы

 
Ауылда бір ғана модельді ауылдық кітапхана жұмыс істеп жатыр.
1931 жылы Шелек ауылында шіркеу жабылып, поптың үйінде тұңғыш «оқу үйі» ашылады. 1935 жылы оқу үйі аудандық кітапхана болды.
1997 жылдың 4-маусымынан бастап бұрынғы Шелек аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің орталық аудандық кітапханасы Шелек ауылдық кітапханасы болып қайта құрылды.
2009 жылы облыстық «Үздік ауыл кітапханасы» байқауында кітапхана 1 орынды иеленіп дипломмен марапатталды.
2011 жылдың желтоқсанынан бері кітапханамыз Шелек ауылдық модельді кітапханасы болды. Кітап қоры 98100 дана, соның ішінде мемлекеттік тілде 35100 данадан астам. Оқырмандар саны 3362 адам. Кітапхана компьютер, кітапханалық КАБИС бағдарламасымен жабдықталған. 
2014 жылы облыста өткен мәдениет қызметкерлері күніне арналған мерекелік жиында «Үздік ауылдық кітапханасы» номинация жеңімпазы дипломымен марапатталып, 100 000 теңге ақшалай сыйлық ие болды.
 

Кітапхана меңгерушісі Үмбетова Мадина.
 

Қазіргі Шелек ауылы 1871 жылы «Зайцево» ауылы болып негізі қаланған. Көпті көрген қариялардың айтулары бойынша Шелек өзені аңғарында орналасуына орай «Шелек» ауылы болып өзгертілген
Ауыл тұрғындары жер игерумен қатар мал шаруашылығымен айналысады.
Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов өзінің аз ғана ғұмырында көптеген еңбектер жазып қалдырған. Ғалымның жазбаларында Шелекке байланысты көптеген деректерді «Ыстық көл» және «Қашқария» атты жазбаларынан жиі кездестіруге болады.
Шелек ауылы Шелек өзенінің аңғарында орналасқан. климаты тез өзгеріп тұратын желді өңір. Ауа райының орташа температурасы қаңтар айында – 6 – 9; шіде айында +22 +24 шамасында.
1932 жылдан 1997 жылдың мамыр айына дейін Шелек ауданның әкімшілік орталығы болды. 1997 жылдан бастап Еңбекшіқазақ ауданының құрамына енді. Қазіргі таңда Шелек ауылында 33 450 адам тұрып жатыр. Олар 26 ұлт пен ұлыстардың өкілдері.
Кітапхананың мекен-жайы: Шелек ауылы, Абай көшесі 116 үй.
Телефон: 8 (72776) 92-03-00.

  • ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы
  • ҚР Ұлттық кітапханасы
  • Қазақстан ұллтық электрондық кітапханасы
  • ҚР президентінің сайты