Массовая работа
  | | | |

Қонаққа келіңіздер!

Категория: Ақпарат, Автор: Гульдана Мирмбаевна от , посмотрело: 3 113

1

Құрметті Есік қаласының тұрғындары!


Сіздерді аудандық кітапханаға шақырамыз. Мұнда сіздер шытырман оқиғалар мен махаббат хикаялары, жоғары математика мен әртүрлі қызықты кітаптарды таба аласыздар. Біз сіздерді күтеміз: Есік қаласы, Абай көшесі 122 үй.  


 

Адал жол - Честный путь

Категория: Ақпарат, Автор: Admin от , посмотрело: 0

0
«Саналы ұрпақ» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында аудандық кітапханада кітапхана ұжымы және оқырмандар «Адал жол - Честный путь» марафонына ат салысты.
 
 

Жолдау

Категория: Ақпарат, Автор: Admin от , посмотрело: 4

0
11 қазан күні Шелек ауылдық кітапханасы «Коворкинг» орталығында «Шелек-2018» қоғамдық бірлестігінің мүшелері мен кітапханашылар Елбасымыздың кезекті Жолдауын талқылады. Биылғы Жолдау Елбасымыздың болашақты болжайтын көреген саясатының, батыл қадамдарының стратегиялық терең ойшылдығының тағы бір нақты көрсеткіші. Бұл жолы да әлеуметтік бағыт Жолдаудың өзегіне айналып отыр. Әлеуметтік жаңашылдықтармен қатар, Жолдауда мықты экономикалық серпін де бар - деді жиналғандар.
 
 

Жолдау

Категория: Ақпарат, Автор: Admin от , посмотрело: 3

0
Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапхана ұжымы қызметкерлерінің қатысуымен 12 қазан күні Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты талқылау жиыны өтті. Кітапханашылар еліміз үшін маңызы зор мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын талқылап, ой-пікірлерімен бөлісті.
 
 
 

Қарты бар ел-қазыналы ел

Категория: Ақпарат, Автор: Admin от , посмотрело: 17

0
Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылдық кітапханасының кітапханашысы К.Есимова мәдениет үйінің қызметкерлерімен бірлесе отырып 1 қазан қарттар мерекесіне орай "Қарты бар ел-қазыналы ел" атты әдеби кеш өткізді. Қарттарды мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттар мен қоса гүл шоқтары табыс етілді. Кеште мың бұрала би билеп ән шырқалды. Қарттар өз ризашылықтарын білдірді. Кітапханашы К.К.Есимова "Аталар сөзі - асыл қазына " атты кітап көрме ұйымдастырды.
 
На данном изображении может Ð½Ð°Ñ Ð¾Ð´Ð¸Ñ‚ÑŒÑÑ: 3 человека, люди стоят
 

Спорт – денсаулық кепілі

Категория: Ақпарат, Автор: Admin от , посмотрело: 35

0
27 қыркүйек күні Еңбекшіқазақ ауданы Малыбай ауылында ұлағатты ұстаз, еңбек сіңірген бапкер Бахамов Шахапдинның 70 жылдық мерей тойына арналған облыстық бокс турнирі өтті. Осыған орай, Малыбай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г.Гаитова «Спорт – денсаулық кепілі» атты кітап көрме ұйымдастырып, шолу жасады.
 
На данном изображении может Ð½Ð°Ñ Ð¾Ð´Ð¸Ñ‚ÑŒÑÑ: 1 человек, стоит, костюм и в помещении
 

Тіл – ұлт тірегі

Категория: Ақпарат, Автор: Admin от , посмотрело: 44

0
Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылдық кітапханасының оқу залында 21 қыркүйек күні «Тіл – ұлт тірегі» атты таным-зерделік сабағы өтті. Бұл іс-шараға О.Мұхамадий атындағы орта мектебінің 4-5 сынып оқушылары, барлығы 21 адам қатысты. Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Оқушыларға ана тілін, туған тілін жоғары ұстауға, құрметтеуге баулу. Оқушылардың тіл туралы өлеңдерін айтқызыу арқылы сөйлеу тілдерін дамыту, ой-өрісін кеңейту. Тілді құрметтеуге, сүюге, достық, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында өтті. Оқушылар тіл туралы тақпақтар және мақал-мәтелдер айтты. Іс-шара соңында «Ана тілім - тірлігімнің айғағы» атты кітап көрмесіне шолу жүргізілді.
 
На данном изображении может Ð½Ð°Ñ Ð¾Ð´Ð¸Ñ‚ÑŒÑÑ: 13 человек, в том числе ÐœÑƒÑ Ð¸Ñ‚ Беркинбаев, люди стоят и в помещении
 

Латын әліпбиі – тарихи таңдау

Категория: Ақпарат, Автор: Admin от , посмотрело: 50

0
Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылы 6654 әскри бөлімі мен аудандық кітапхананың ұйымдастаруымен 21 қыркүйек күні «Латын әліпбиі – тарихи таңдау» атты азаматтық фору (дөңгелек үстел) өтті. Іс-шараға келген қонақтар: «Еңбекшіқазақ» саяси-қоғамдық газітінің бас редакторы Х.Ахметжанов, «Тіл» оқыту-әдістемелік орталығының директоры Н.Рахымова, Тіл орталығының оқытушысы Д.Коканова, Есік гуманитарлық экономикалық колледжінің оқытушысы Қ.Құрманғалиева, 6654 әскери бөлім командирінің орынбасары подполковник Ж.Атыгаев, 6654 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Б.Мунтинов, кітапхана қызметкерлері мен сарбаздар қатысты. Іс-шара барыснда латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы айтылды. Іс-шара барысында «Латын әліпбиі - жаңғыру жазудан басталады» атты слайд көрсетіліп, «Латын әліпбиі - өркениет жолы» кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жүргізілді. Барлығы қатысқан адамдар саны 52.На данном изображении может Ð½Ð°Ñ Ð¾Ð´Ð¸Ñ‚ÑŒÑÑ: 9 человек, в том числе Гулия Саурыкова
 

 

Отбасы - адамгершіліктің алтын қазынасы

Категория: Ақпарат, Автор: Admin от , посмотрело: 92

0
Отбасы-сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай отан."Отан отбасынан басталады" дегендей Отанды сүю-отбасынан басталатындығы рас. Себебі, отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Қыркүйек айының алғашқы аптасы Отбасы күніне орай 13 ші қыркүйек күні Еңбекшіқазақ аудан, Қаражота ауылдық кітапханасы мен мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Отбасы - адамгершіліктің алтын қазынасы" атты, ауыл қариялары мен 9,10 шы сынып оқушыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Оқушыларға ата, апаларымыз өздерінің өнеге өсиеттерін айтып, оларға отанымыздың білімді, білікті ұл-қыздары болып өсуілеріне тілектестіктерін білдіріп, баталарын берді. Әңгіме қызықты, тартымды өтті.
 
На данном изображении может Ð½Ð°Ñ Ð¾Ð´Ð¸Ñ‚ÑŒÑÑ: Замира Акматова и Вера Будау, люди сидят
 

Азат елдің ар – намысы Ата Заң

Категория: Ақпарат, Автор: Admin от , посмотрело: 87

0
Қазақ мемлекеті үшін Ата Заңның алар орны ерекше. Бұл біздің еліміздің белгісі, егемендігіміздің кепілі. Сондықтан, еліміз үшін Конституция күнін атап өту біздің борышымыз. Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен 28 тамыз күні «Азат елдің ар – намысы Ата Заң» атты сұрақ-жауап кеші өткізілді. Кездесу кешіне келген қонақтар: «Еңбекшіқазақ» саяси-қоғамдық газітінің бас редакторы Х.Ахметжанов, «Нұр Отан» партиясы, Еңбекшіқазақ аудандық филиалының кеңесшісі Қ.Дарбаева, Еңбекшіқазақ аудандық әділет басқармасының маманы Ә.Алдабергенов Конституция бабтары, Билер соты, Жеті жарғы, Ең жоғарғы құқықтық күші бар нормативтік құжат? деген сұрақтар қойылып, ұтымды жауаптар алынды. Конституция күніне арналған «Заң – ел тәуелсіздігінің тірегі» атты кітап көрме ұйымдастырылып, шолу жасалды.
 
На данном изображении может Ð½Ð°Ñ Ð¾Ð´Ð¸Ñ‚ÑŒÑÑ: 3 человека, люди сидят и в помещении
 
Назад Вперед
  • ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы
  • ҚР Ұлттық кітапханасы
  • Қазақстан ұллтық электрондық кітапханасы
  • ҚР президентінің сайты