Өзің оқы және өзгеге ұсын » Сайт Енбекшиказахской районной библиотеки Рейтинг@Mail.ru

» » Өзің оқы және өзгеге ұсын

Массовая работа

Өзің оқы және өзгеге ұсын

Категория: Ақпарат, Автор: Admin от , посмотрело: 27

0
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Кітап – білім бұлағы» жобасы аясында Алматы облысының ішкі саясат, тілдерді дамыту, жастар, білім басқармаларының ұйымдастыруымен «Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» атты жобасын жүзеге асыру мақсатында 10 сәуір 2018 жылы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасы Т. Молдағалиев атындағы Мәдениет үйінің алдында «Өзің оқы және өзгеге ұсын» атты буккроссинг өткізді. Іс-шараға Абылай хан, Терешкова, Тоқатаев атындағы орта мектептердің оқушылары, ұстаздары, кітапхана қызметкерлері жалпы 60 адам қатысты. Буккроссингтің ашылу лентасын кітапхананың тұрақты оқырмандары Д. Шәріпбаев және А. Найманбаева салтанатты түрде кесті. Сондай-ақ, құттықтау сөз Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасының директоры С. Мамажанова және Еңбекшіқазақ аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Б.Шарғыноваға берілді. Оқушылар өздері алып келген кітаптарын көрмеге қойып, орнына басқа кітаптар алды. Іс-шара өте қызықты, тартымды өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың кітап оқуға деген ынтасын арттыру, тегін кітап алмасуға мүмкіндік жасау болып табылды.
 
Фото Салтанат Мамажановой.

Категория: Ақпарат

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
  • winkwinkedsmileam
    belayfeelfellowlaughing
    lollovenorecourse
    requestsadtonguewassat
    cryingwhatbullyangry
Введите код: *
  • ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы
  • ҚР Ұлттық кітапханасы
  • Қазақстан ұллтық электрондық кітапханасы
  • ҚР президентінің сайты