» » Поэзия тарландары

Массовая работа

Поэзия тарландары

Категория: Ақпарат, Автор: Admin от , посмотрело: 37

0 Еңбекшіқазақ ауданы Шелек модельді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен, әкімшіліктің атсалысуымен Мәдениет үйінің төрінде «Поэзия тарландары» атты әдеби караоке өткізілді. Кітапханашы М. Үмбетова кіріспе сөзінде: «Қазақ халық поэзиясы - қазақ әдебиетінің бір саласы. Қазақ халқының саяси-әлеуметтік, қоғамдық-тарихи даму сатыларына тән көркемдік-эстетикалық талғам-түйсігін, этикалық және философиялық талап-тұжырымын танытады. Көне дәуірлерден бастау алатын қазақ халық поэзиясы синкретті (ажыратылмас) құбылыс. Сондықтан оның халық ауыз әдебиетімен, музыка мәдениетімен, фольклормен тоғысар арнасы мол. Қазақ халық поэзиясында елдік жолындағы ерлік пен өрлік, рух асқақтығы мен қайсар батырлық, табиғаттың ғажайып үйлесімді көрінісі, ғашықтықтың күйініш-сүйініші, рухани асқақ сезім, адам мейірімі мен дүниетанымы ажырамас тұтастықта көрініс табады. Қазақ халық поэзиясының жанрлық құрамы сан салалы. Дастан, толғау, айтыс, жыр, т.б. бастауын халық шығармасынан алады» дей келе караокенің шарттарымен таныстырды.
Әдеби караокенің шарттары:
Команда құрамы 9 – 11 сынып оқушыларынан құралған 5 адам
Өз командасын әнмен таныстыру
Классика әлемі (жоғарыда айтылған ақындардың өлеңдерін классикалық музыкамен орындау)
Эстрада әуені (жоғарыда айтылған ақындардың өлеңдерін эстрадалық әуенмен орындау)
Жастар стилі (хип – хоп т.б.) (жоғарыда көрсетілген ақындардың өлеңдерін хип-хоп т.б. орындау)
Сайысымыздың қатысушылары:
Маметова атындағы орта мектебінің «Жалынды жастар» тобы
Молдағұлова атындағы орта мектебінің «Әлия» тобы
Кенжебаев атындағы орта мектебінің «Жастар» тобы
Политехникалық колледжінің «Қырандар» тобы
Сонымен қатар әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасы:
 Ақын, жергілікті «Еңбекшіқазақ» газетінің тілшісі Бердібаев Анарбек Мөкішұлы
 Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы Жампозова Майра Нұрғожақызы 
 Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Сқақова Халбүбі
Сонымен бірінші кезең әр топ өздерін тамаша таныстырды. Екінші кезең бойынша Политехникалық колледждің студенттері озып шықса, үшінші кезеңде Молдағұлова мектебі алғырлығымен алға шықты, ал соңғы төртінші кезеңде Кенжебаев мектебінің таңдаған әуені мен өлеңдері ұтымды болды. 
Жарыстың қорытындысы бойынша политехникалық колледжінің «Қырандар» тобы бірінші орынды иеленсе, Кенжебаев мектебінен келген «Жастар» тобы екінші, ал үшінші орын тұғырына Молдағұлова мектебінің «Әлия» тобы көтерілді. Ал Маметова мектебінің «Жалынды жастар» тобы төртінші орынды иеленді.
Кешті қорытындылаған әділ қазылар алқасының мүшесі Сқақова Халбүбі өз сөзінде: «Бүгінгі іс – шара өте жоғары деңгейде өтті. Қатысушылардың тайындықтары да тамаша. Осындай таланттарды дайындап, ортаға шығарып отырған ұстаздарына алғысымызды білдіреміз. Ал қатысушыларға талаптары нұр жаусын дейміз» деп, қатысушыларды мадақтама және сыйлықтармен марапатталды.

Категория: Ақпарат

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
  • winkwinkedsmileam
    belayfeelfellowlaughing
    lollovenorecourse
    requestsadtonguewassat
    cryingwhatbullyangry
Введите код: *
  • ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы
  • ҚР Ұлттық кітапханасы
  • Қазақстан ұллтық электрондық кітапханасы
  • ҚР президентінің сайты