» » Мәңгілік елдің мәңгілік тілі

Массовая работа

Мәңгілік елдің мәңгілік тілі

Категория: Ақпарат, Автор: Admin от , посмотрело: 30

0
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасына қарасты Балтабай ауылдық орта мектебінде 22 кыркүйек күні тілдер мерекесіне арналған мектеп мұғалімдері мен Балтабай ауылдық кітапханасы бірлесіп, дайындаған 8-10 сынып оқушылары арасында "Мәңгілік елдің мәңгілік тілі" атты пікір таласу кеші өтті. Бұл кештің котеріп отырған тақырыбы үш тілділік. Оқушылар екі топқа бөлініп үш тілділікті жақтайтыңдар және қарсы топ болып пікір таластырды.Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Омаржанова Ақмарал және ауылдық кітапхананың кітапханашысы Манапова Ж. үш тілділік жөнінде өз пікірлерімен бөлісті. Кеш "Бір ел-бір кітап" аясында өткізіліп жатқан ақын С.Торайғыров шығармаларын оқуға шақыру мақсатымен ақынның тіл туралы шығармаларын оқушылардың жатқа айтуымен жалғасты. Кітапханашы ақынның өмірбаянымен және ақын шығармаларына жасалған "Ақындардың сұлтаны-Сұлтанмахмұт" атты көрмемен таныстырды. Тілдер күніне арналған жане ақын С.Торайғыров өмірі мен шығармашылығынан слайдтар көрсетілді. Кеште ана тілімізге арналған әндер шырқалып би биленді. Кешті мектеп директоры Бақтылы Орынтайқызы мен аудандық кітапхананың кітапханашысы Гүлия Сағатбекқызы "Үш тілділік заман талабы,үйрену абзал, өз тіліңді білуің, құрметтеуін шарт" деген пікірлерімен қорытындылады.


Категория: Ақпарат

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
  • winkwinkedsmileam
    belayfeelfellowlaughing
    lollovenorecourse
    requestsadtonguewassat
    cryingwhatbullyangry
Введите код: *
  • ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы
  • ҚР Ұлттық кітапханасы
  • Қазақстан ұллтық электрондық кітапханасы
  • ҚР президентінің сайты