» О районной библиотеке

О районной библиотеке

Аудандық кітапхана 1934 жылдың 1-қаңтарында шаңырақ көтерген. Алғаш ашылғандағы кітап қоры 2126 дана еді.  Кітапхананың тұңғыш меңгерушісі - Литвякова Елизавета Васильевна. Алғашқы кітапхана мен бүгінгі кітапхананың арасында 80 жылдам астам уақыт өтті. Бүгінгі күні аудандық кітапхана бұл - ақпараттық, мәдени-ағартушылық орталық. Кітап қоры - 51000 данадан астам, оқырман саны - 5000 адамнан астам. Мұнда 18 қызметкер еңбек етеді. Барлығы - жоғарғы және арнайы орта білімді. Барлық аудан кітапханаларына аудандық кітапхана әдістемелік орталық болып табылады. Аудандық кітапхананың кітапханашылары басқа да мекемелермен белсене тығыз байланыста. Олардың ішінде - аудандық білім бөлімдері, мәдениет үйі, музей, ардагерлер кеңесі.
 Соңғы кезде кітапхана қарқынды дамып келеді. 2000 жылдан бастап, жаңа жаңғырту кезеңі басталды. Жаңа ақпараттық технологияларды игерудеміз. Аудандық кітапханада заманауи компьютерлік техникалар бар, оның ішінде 8-компьютер, 9-ноутбук, локальды желі, интернет, электрондық пошта қосылған. КАБИС бағдарламасын сатып алдық, сонымен жұмыс жасаймыз. Кітапханада электронды каталог және сайт құрылды. 
 Жыл сайын кітапханада көптеген әдеби кештер, жазушылармен кездесу, ақпарат күндері, әдеби шолулар, әралуан тақырыпта кітап көрмелері ұйымдастырылады. 
 Әр жылдары кітапханада еңбек еткендер: К. Н. Ибраева, Ш. Т. Шарипбаева, Р. Хамиева, М. А. Андреева, С. К. Кагазбаева, С. Бекмағанбетова, В. С. Финашутина, Н. И. Полежаева, Р. С. Тетера, Л. И. Ожерельева, Н. А. Десятова, Р. Б. Бисенқулова, О. Т. Кантарбаева, Т. И. Бондарева, А. Естемесова, Х. Кезбаева. Олардың бүгінгі ізбасарлары: Азизова Саниям Ахметовна, Жандосова Гульнара Жұмашқызы, Бөгенебаева Бүбүайша Намазқызы, Свининникова Галина Романқызы, Саурықова Гулия Сағатбекқызы, Сарсенбаева Гульдана Мирмбайқызы, Талипова Ляззат Қанатқызы оқырман алғысын арқалап жүр. 
 2000 жылдан кітапхан директоры - Мамажанова Салтанат Садиржанқызы. Атадан қалған ұлы мұра, асыл қазына, күннің нұры, білімнің қайнар көзі осы кітапта. 


  • ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы
  • ҚР Ұлттық кітапханасы