» Біздің өлкеміз жайлы

Массовая работа

Біздің өлкеміз жайлы

   Аудан 1928 жылы Сөгеті ауданы болып құрылып, Қаракемер ауылы аудан орталығы болған. 1928 жылы Еңбекшіқазақ ауданы деп қайта аталды.

1932 жылы аудан орталығына Түрген ауылы қосылып,1934 жылы аудан орталығы Есік станциясы болды. 1968 жылы Есік станциясына қала статусы берілді де, 1993 жылы 4-мамырда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен «Энбекши-Казахский район» атауы орыс тілінен Еңбекшіқазақ ауданы деп өзгертілді.Орталығы Есік қаласы.
1997 жылы 23 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Еңбекшіқазақ ауданы құрамына Шелек ауданы қосылды.

Аудан Қазақстан Республикасының Іле – Алатау аралығының оңтүстік-шығыс бөлігінде теңіз деңгейінен 810 метр биіктікте орналасқан. Жерінің аумағы 8300 шаршы км. құрайды. Бұл жерде 79 ауыл және 1 қала орналасқан.Тұратын халықтар 103 ұлттан тұрады.Ауданның аумағында мемлекеттік ұлттық табиғат Іле – Алатау паркінің бөлігі бар.Оның көлемі 63,5 мың гектар. Ауданның климаты тез өзгеріп отырады. Қысы жұмсақ,жазы ыстық. Қаңтар айындағы ауа температурасы -9,-10 градус. Шілде айында+20,+24 градус.Жауын- шашының орташа мөлшері жылына 200-700 мм құрайды.
Аудан аумағынан Есік,Түрген,Талғар өзендері ағады, сонымен қатар Үлкен Алматы каналы жүріп өтеді.
Топырағы сұр,таулы жерлерде қоңыр және қара топырақты болып келеді.
Таулы жерлерде өрік,жабайы алма,қарағай өседі.Тау үсті көк шөппен көмкерілген.Тауда жабайы аңдардан аю, қасқыр, түлкі,арқар,борсық, және т.б жабайы аңдар өмір сүреді.Құстардан фазан және т.б құстар тіршілік етеді.Су қоймаларында сазан,форель басқа да балықтарды кездестіруге болады.

Еңбекшіқазақ ауданы - аграрлық аймақ. Қазақстанның мәдени және қаржылық орталығы - Алматы қаласына жақын орналасуы әлеуметтік-экономикалық дамуына зор мүмкіндік туғызады Есік қаласы мен Алматы қаласының арасы – 48 км шақырым.

 


  • ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы
  • ҚР Ұлттық кітапханасы
  • Қазақстан ұллтық электрондық кітапханасы
  • ҚР президентінің сайты