Многопользовательский новостной движок,
предназначенный для организации собственных
СМИ и блогов в интернете.

 
на правах рекламы
  | | | |

Лаңкестік пен күрес – баршаның міндеті

Автор: User от
Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен 21 ақпан күні Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің 8 сынып оқушыларына «Лаңкестік пен күрес – баршаның міндеті» тақырыбында түсіндіру сағаты өтті. Оқушыларға лаңкестік туралы терең түсінік бере отырып, олардың себептері мен зардаптарын айтып, жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу. Шара барысында лаңкестік әрекеттердің алдын алу мақсатында кітапшалар таратылып, сол арқылы өз ойларымен бөлісті. Қазіргі таңда бейбітшілік, мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өміріміздегі басты ұстаным екенін кітапханашылар айтып өтті.
 
На изображении может находиться: 2 человека, в том числе Aliya Kozhabekova, люди сидят, люди стоят и в помещении

Жарқын болашаққа нық қадам

Автор: User от
Ават ауылдық кітапханасында 21 ақпан күні "Жарқын болашаққа нық қадам" атты тэйбл ток өтті. Іс шараға О.Мухаммадий атындағы орта мектептің 6-сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның мақсаты:Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және Туы туралы білімдерін дамыту. Өз республикасын танып - білуге, жақсы көруге. Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
 
На изображении может находиться: 7 человек, люди улыбаются, люди сидят и в помещении

Айдыным еді, Әнуар

Автор: User от
Түрген ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Әнуар Әлімжановтың туғанына 90 жыл толуына орай "Айдыным еді, Әнуар" атты танымдық кеш Д.Қонаев атындағы мектептің 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Оқушыларға көрнекті жазушы, журналист Әнуар Әлімжанов туралы естеліктер мен деректер беріп, олардың бойына патриоттық сезімдерін оятып, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Әділдік пен ақиқатқа табынып өткен қаламгердің қиындыққа толы өмір жолы, арман соқпағы туралы айтылып, слайд көрсетіліп, оқушыларға көптеген мәлімет берілді.
 
На изображении может находиться: 2 человека, в помещении

Ұстаздың оралуы

Автор: User от
20 ақпан күні Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.Кегенбаева Әл-Фараби атындағы орта мектептің 7 сынып оқушылары арасында «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында ұйымдастырылған Ә.Әлімжановтың "Ұстаздың оралуы" шығармасы бойынша тұлғатану сағаты өтті. Жастарымызды ерлік пен батырлыққа, патриотизмге шақыратын, рухты көтеретін, өмірге құштарлықты насихаттайтын кітаптардың көбірек оқылуына ықпал жасап, шара барысында насихаттап өтті.
 
На изображении может находиться: 7 человек, люди сидят и в помещении

Ауған естеліктері

Автор: User от
20 ақпан күні Қаражота ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Ботамбаева және Мəдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Б.Момышұлы атындағы мектепте "Ауған естеліктері" атты еске алу сағаты өтті. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету. Ауған соғысында опат болғандардың рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тəрбиелеу. Еске алу сағатына 6 сынып оқушылары қатысып, Отан, туған жер туралы өлең шумақтарын оқыды.
 
На изображении может находиться: 14 человек, в том числе Shazira Botambaeva, люди стоят, люди сидят и в помещении

Абай жолы - әлемге әйгілі эпопея

Автор: User от
Нұра ауылдық кітапханасында 20 ақпан күні кітапханашы К.Есимова "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында биылғы жылғы М.Әуезовтың "Абай жолы" роман эпопеясының таңдалуына байланысты кітапхана оқырмандарымен "Абай жолы - әлемге әйгілі эпопея" атты фанфикшн өткізді. М.Әуезовтің әлемге әйгілі роман-эпопеясы «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын жоғары деңгейге көтерген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқының, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан жан-жақты ашып көрсеткен. «Абай жолы» роман – эпопеясынан алған білімдерін жинақтау, қайталау, іздендіру, зерттеу жұмыстары арқылы шығармашылық жұмыстарға жетелеу.
 
На изображении может находиться: 12 человек, в том числе Нургул Енсегенова, Акмарал Билжанова и Guldar Auenkul, люди стоят

Əдебиетте өз қолтаңбасы бар жазушы

Автор: User от
20 ақпан күні Бəйдібек би ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Базарова "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында Ə.Əлімжановтың "Ұстаздың оралуы" шығармасын насихаттау мақсатында мектеп кітапханасында 7 сынып оқушыларымен "Əдебиетте өз қолтаңбасы бар жазушы" тақырыбында сторителлинг өткізді. Іс-шара барысында кітапханашы жазушының өмір жолдары мен шығармашылығы туралы мағлұмат бере отырып, оның "Ұстаздың оралуы" атты шығармасын айтып өтті. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, түрлі сауалдар қойып, пікір алысты.
 
На изображении может находиться: 17 человек, в том числе Карлыгаш Будугулова, Алакөл Кітапхана Алакөл Кітапхана, Гульмира Утениязова и Ордабасы Аудандық Орталық Кітапхана, люди улыбаются, люди сидят и в помещении

Орақты батыр – Тәуелсіздік батыры

Автор: User от

Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен 2020 жылдың 20 ақпан күні «Білім-Инновация» дарынды балаларға арналған лицей – интернатында Орақты батырдың 600 жыл толуына орай «Орақты батыр – Тәуелсіздік батыры» атты тарихи - танымдық сағаты өтті. Іс-шара барысында кітапханашы Г.Дуйсембинова Орақты батыр туралы толық мәлімет беріп, аңыз әңгімелерге тоқталып, тарихи деректерді келтіріп айтып өтті. Ақын, жазушы Ш.Құсайынұлы қазақ батырларына арналған өлеңін оқыды.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           

На изображении может находиться: 3 человека, в том числе Салтанат Ибраимова, в помещении

Абай дара, Абай дана қазақта

Автор: User от
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай 20 ақпан күні Көктөбе орта мектебі және Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Абай дара, Абай дана қазақта» атты әдеби-сазды кеш өтті. Ақын атамыздың өміріне мәлімет бере отырып, өскелең жас ұрпаққа өсиет етіп қалдырған өнегелі сөздерімен өлеңдері арқылы білімдерін дамыту. Абай И.Крыловтың мысалдарынан аударылған «Шегіртке мен құмырсқа» атты мысалынан көрініс қойылды. Ақын, жазушы Ш.Құсайынұлы "Абай, Абай, Ұлы Абай" атты поэмамсынан үзінді оқыды. Кітапханашы А.Нұрлыбаева «Әлемге танылған - Абай» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
 
На изображении может находиться: 9 человек, в том числе Жүз Жетпіс Жетінші Мектеп, Орталықтандырылған Кітапханалар Жүйесі и Салтанат Ибраимова, люди стоят и в помещении

Өзіңнің оқығаныңды өзгеге ұсын

Автор: User от

Түрген ауылдық кітапханасының ұймдастыруымен 19 ақпан күні "Өзіңнің оқығаныңды өзгеге ұсын"- атты буккроссинг көпшілік арасында өтті.

                                                                                                                                                                                             

На изображении может находиться: 1 человек

Уважаемые вебмастера, Вы
просматриваете тестовую страницу
DataLife Engine.
Текущая версия 10.6.