Сделать домашней|Добавить в избранное
 

Многопользовательский новостной движок,
предназначенный для организации собственных
СМИ и блогов в интернете.

 
» Последние публикации на сайте » Страница 2
на правах рекламы

Жақсы кітап – жан азығы

Автор: User от 27-03-2020, 10:10
Білімнің қайнар бұлағы – кітапты сүйіңіздер, тек білім ғана құтқарушы, тек сол ғана сіздерді рухани күшті, адал, ақыл-есті, адамды шынайы сүйетін, оның еңбегін қадірлеп, оның үздіксіз ұлы еңбегінің жемістеріне шын жүректен қызығатын кісілер ете алады.
2020 жылдың 13 наурыз күні «Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» жобасы аясында Шелек модельді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Жақсы кітап – жан азығы» атты буккросингті кітапханашы Л.Кошиева «Чернобыль және Семей полигоны апаты» ардагерлері мен мүгедектері арасында таныстырып, шолу жасады. Оқырмандар өздеріне ұнаған кітаптарын таңдады.
 
 
На изображении может находиться: 5 человек, люди улыбаются, люди стоят и в помещении

Чернобыль АЭС және Семей полигоны апаты

Автор: User от 27-03-2020, 10:07
2020 жылдың 12 наурыз күні Шелек модельді ауылдық кітапханасының «Коворкинг» орталығында «Чернобыль АЭС және Семей полигоны апаты» ардагерлері мен мүгедектерінің қоғамдық бірлестігінің қатысуымен кезекті отырыс өтті. Кездесуге арнайы Шелек ауылдық округі әкімінің орынбасары Абдакимов Қуат, ауылдағы мектептер мен колледждердің тәрбие жөніндегі орынбасарлары шақырылып, ардагерлермен сұхбаттасып, ұсыныстары мен өз ойларымен бөлісті. 
 
На изображении может находиться: 5 человек, в том числе Вера Будау и Алтыншаш Жақиянова, люди сидят и в помещении

Буккроссинг

Автор: User от 27-03-2020, 10:01
12 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Буккроссинг» кітап алмасу акциясын өтті. Кітапханашы С.Азизова оқырмандарға «Буккроссинг» қазақшаға аударғанда «кітап сыйлау» немесе «кітаптың айналыста жүруі» деген мағынаны білдіретіндігін айтып, буккроссинг қозғалысы туралы кеңінен ақпарат берді.
 
На изображении может находиться: 2 человека, люди стоят и на улице

Көрісу – бұл көненің желісі еді

Автор: User от 27-03-2020, 09:56
Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен 11 наурыз күні Көрісу – Амал мерекесіне орай «Көрісу – бұл көненің желісі еді» атты танымдық сағаты өтті. Іс-шараға шақырылған қонақтар «Бір жасыңызбен» деп бір-бірін құттықтап көрісіп мәре-сәре болды. Қонақтар өлең оқып, ән айтып көрісу дәстүрі жайлы өз ойларымен бөлісті. Ата-бабамыздан мирас болып қалған бұл дәстүрді әрі қарай жалғастырып, дәріптейік.
 
 
На изображении может находиться: 6 человек, люди улыбаются, толпа и на улице

әл-Фараби энциклопедист ғалым

Автор: User от 27-03-2020, 09:48
Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фараби білімге деген құштарлығының арқасында Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз" атанды. 2020 жылдың 3 наурыз күні Шелек модельді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен оқу залында ауылымыздың жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен кітапханашы Г.Джанбакиева әл Фарабидің 1150 жылдығына орай «әл-Фараби энциклопедист ғалым» атты тұлғалық сағат өткізді. Шара барысында әл-Фарабидің өмірі мен шығармалары туралы мәлімет берді. Дәулетбай Мариям және басқа оқушылар да өз ойларымен бөлісті.
 
На изображении может находиться: 6 человек, люди сидят и в помещении

Алғыс айту

Автор: User от 27-03-2020, 09:42
1- наурыз Алғыс айту күні - бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімдік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні, осы күнге орай Қаракемер Мәдениет үйінде де 2- наурыз күні Қаракемер селолық округ әкімі Д.Ахметовтың атынан Қаракемер Мәдениет қызметкері Оңашқан Ерқуат мәдениет қызметкерлеріне, "Інжу-маржан" әжелер ансамбль мүшелеріне, кітапханашы Ж.Наширбековаға Қаракемер халқына жасап жатқан еңбектерін бағалап, үлкен алғыс айтып, алғыс қағазымен марапаттады.
 
На изображении может находиться: 10 человек, в том числе Балагуль Жантаева, люди стоят и в помещении

Құшағына күллі әлемді сыйдырған

Автор: User от 27-03-2020, 09:38
Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. 2020 жылдың 5 наурыз күні 8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында Шелек модельді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Жас қалам» клуб мүшелерінің қатысуымен «Құшағына күллі әлемді сыйдырған» атты әдеби – сазды кеш Абай атындағы қазақ орта мектеп жанындағы интернаттың акт залында өтті. Кітапханашы М.Үмбетова мерекенің шығу тарихы жайлы мәлімет берді. Клуб мүшелері ана туралы өлеңдер оқып, әндер орындап, би биледі. Ұл балалар өздерінің ұстаздарына, қыз балаларға тілек айтып, құттықтады.
 
На изображении может находиться: 8 человек, в том числе Ордабасы Аудандық Орталық Кітапхана и Guldar Auenkul, люди стоят и в помещении

Кітапханашы - ақпараттық бапкер

Автор: User от 27-03-2020, 09:32

4 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасында «Кітапханашы - ақпараттық бапке

р» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Кітапхана ісі мәдениет саласы ретінде ақпараттық, білім беру және мәдени - ағарту қызметінің негізі болып табылады. Кітапхананың атқарып отырған қызметі ұшан – теңіз, дей келе кітапхана әдіскері Г.Саурықова кітапханаларда атқарылып отырған жұмыстары жайлы айтып алдағы қойылған жоспарларға назар аударды. Кітапханашы Г.Аманжолова Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған 3 күндік семинар тренингте алған іс-тәжірбиесімен бөлісті.
 

На изображении может находиться: 10 человек, в том числе Рашида Худайбердиева-Курбанова и Shazira Botambaeva, люди сидят, стол и в помещении

Аяулы менің анашым

Автор: User от 10-03-2020, 17:54

6 наурыз күні Ават ауылдық кітапханасының кітапханашысы Р.Курбанованың ұйымдастыруымен О.Мухаммадий атындағы орта мектебінің 4 сынып оқушыларының қатысуымен «Аяулы менің анашым» атты тәрбие сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты оқушыларды білімге, адамгершілікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру. Ана еңбегін қадірлей білуге үйрету. Оқушылар ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен әжелерді мерекемен құттықтады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     

На изображении может находиться: 15 человек, в том числе Рашида Худайбердиева-Курбанова, Rıma Turmanova и Жүз Жетпіс Жетінші Мектеп, люди стоят и в помещении

Аналарға мың алғыс

Автор: User от 10-03-2020, 17:48

6 наурыз күні Космос ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.Мысаева І. Жансүгіров атындағы орта мектебінің 4 сынып оқушыларымен "Аналарға мың алғыс" атты тәрбие сағатын өткізді. Оқушыларды мейірілімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі ана күшінің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру. Жалпы барлық аналарға деген, қыздарға деген сыйластыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.                                                                                                                                                                                                                                                 

На изображении может находиться: 7 человек, в помещении

Уважаемые вебмастера, Вы
просматриваете тестовую страницу
DataLife Engine.
Текущая версия 10.6.