Еңселі Елордам » Сайт Енбекшиказахской районной библиотеки Рейтинг@Mail.ru

» » Еңселі Елордам

Массовая работа

Еңселі Елордам

Категория: Информация, Автор: Admin от 6-03-2018, 16:18, посмотрело: 81

0 Шелек модельді ауылдық кітапханасында кітапханашы М.Үмбетованың ұйымдастыруымен, Мәдениет үйінің қызметкерлері мен «Жас әдебиетшілер» клубының атсалысуымен оқырмандар залында «Еңселі Елордам» атты тарихи калейдоскоп өткізілді. Калейдоскоп барысында «Ел сүйсінген Елорда» слайд галереясы көрсетілді. Сонымен қатар «Еңсесі биік Елорда» көрме таным ұйымдастырылды.
Кешті кітапханашы Үмбетова Мадина кіріспе сөзбен бастады. Өз сөзінде: «Қазақстан – ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол таяуда ғана, яғни 1991 жылы орын алды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады» деді. Кеш республикалық «Ақ көгершін» байқауының лауреаты Қанатқызы Жансаяның орындауында «Айналдым елім» әнімен басталды.
Кеште жүргізушілер 3 аялдамаға тоқталды:
1. Ақмола
2. Целиноград
3. Астана 
Бірінші аялдама барысында тарихи деректерді тілге тиек ете отырып, сонау патша заманнан бастап, Ақмола Целиноград болып өзгергеніне дейін баяндалды. Екінші аялдамада Ақмоланы Целиноград қаласы деп атын өзгеруіне байланысты мәліметтерге кеңінен тоқталды. Ал үшінші аялдама барысында Астана қаласының астана болып ауысуы, тарихи құжаттарға тоқтала отырып баяндалды.
Үшінші аялдама кезінде Астана қаласының көрікті жерлері мен әсем ескерткіштерінің тарихына шолу жасалды. Әрбір ескерткішке жеке тоқтала келе, олардың құрылуы, шығу тарихына кеңінен тоқталды.
Фото Салтанат Мамажановой.

Категория: Информация

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
  • winkwinkedsmileam
    belayfeelfellowlaughing
    lollovenorecourse
    requestsadtonguewassat
    cryingwhatbullyangry
Введите код: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК