» » Латын әліпбиге көшу – заман талабы

Массовая работа

Латын әліпбиге көшу – заман талабы

Категория: Информация, Автор: User от 15-03-2018, 10:00, посмотрело: 279

0 2018 жылдың 14 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасына қарасты Қаракемер ауылдық кітапханасында «Латын әліпбиге көшу – заман талабы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру. Латын әліпбиіне көшудің қандай тиімді жақтары және қандай қиындықтары бар екенін білу; Латын қарпіне көшудің қандай оңтайлы жолдарын іздеу; Қоғамда жастарды өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу; Жастарға латын әліпбиі қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады деп насихаттау. 
Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті
«Латын әліпбиге көшу – заман талабы» атты тақырып өте кең әрі ауқымды талқыланып, әр пікірлер ортаға салынып, оқырмандар бір ауыздан қолдады.
Фото Салтанат Мамажановой.

Категория: Информация

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК