Қасіретті күні қасиетті күнге айналсын » Сайт Енбекшиказахской районной библиотеки Рейтинг@Mail.ru

» » Қасіретті күні қасиетті күнге айналсын

Массовая работа

Қасіретті күні қасиетті күнге айналсын

Категория: Информация, Автор: Admin от 28-04-2018, 15:54, посмотрело: 217

1 26 сәуір күні «Нұр Отан» партиясы ғАлматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының филиалының және Ауғанстан мен Чернобыль бірлестігінің төрағасы Омаров Ержан Жармұхамедұлының ұйымдастыруымен, Шелек модельді ауылдық кітапханасының атсалысуымен, «Қасіретті күні қасиетті күнге айналсын» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Кездесу кешіне Чернобыль АЭС залалсыздарындыруға барған жауынгерлер мен Семей полигонында жауынгерлік борыштарын өтеген, қазіргі таңда ардагерлер санатына қосылған жауынгер – залалсыздандырушылар мен өмірден озған аға буындардың жұбайлары қонаққа шақырылды.
Кеште кітапханашы М. Үмбетова кіріспе сөзінде: «Осыдан дәл 32 жыл бұрын тарихта аты қалған жаһандық ауқымдағы трагедия түріндегі алапат жарылыс болды. Чернобыль АЭС-дағы апат – адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апаттардың бірі. Оның күші 1945 жылы Жапонияның Хиросима мен Нагасаки қалаларына тасталған атом бомбасынан ондаған есе күшті болған. Радиациялық қауіп тек КСРО аумағына ғана емес басқа мемлекеттерге төнді» дей келе кешке шақырылған қонақтармен таныстыра келе, өмірден ерте озған аталмыш апатты залалсыздандыруға қатысқан ардагерлерді еске алып, бір минут үнсіздік жариялады.
Өз кезегінде ардагерлер: Семенюк Аркадий, Балпықов Манарбек, Адасбаев Ерғанат өздерінің естеліктерімен бөлісе отыра, ондағы жағдайды сипаттап, оқырман қауыммен апат орнындағы әсерлерімен бөлісті.
Кездесуге келген Шелек ауылындағы №2 аудандық емханасының меңгерушісі, «Нұр Отан» Шелек бастауыш партия ұйымының аурухана цехтық тобының мүшесі Макеева Гүлжан Асқарқызы ардагерлерге жылы лебізін білдіріп, тиісті тегін ем алуға жағдай жасайтынын айтып өтті.
Қасіретті апат күніне орай Шелек ауылындағы №2 аудандық емханасының меңгерушісі, «Нұр Отан» Шелек бастауыш партия ұйымының аурухана цехтық тобының мүшесі Макеева Гүлжан Асқарқызы ардагерлер: Манарбек Балпықов, Ерғанат Адасбаев, Қанат Ақжолға мерекелік медальдарын табыс етті.
Кеш барысында «Чернобыль апатының хронологиясы» слайд – шоу, өмірден озған жауынгерлерге арнап «Так хочеться жить» естелік видео шолу мен кітап көрмесі ұйымдастырылды.
 
Фото Салтанат Мамажановой.

Категория: Информация

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
<
  • 0 комментариев
  • 0 публикаций
  • Нравится
  • 0
11 мая 2018 15:55

HanmazTar

Цитата
  • Группа: Гости
  • Регистрация: --
  • Статус:
 
Народ кто хочет играть в современные игры на высоких настройках с динамичными теняими
даже на самых слабых ПК или ноутах. Без лагов и фризов (Но нужен более менее нормальный интернет).
Читайте статья по настройке компа здесь.
Видео по установке и настройке смотрите тут.
Играю уже пол года на ведре 2005 г. Буду рад кому помог разорить буржуев игровой индустрии!!!


Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
  • winkwinkedsmileam
    belayfeelfellowlaughing
    lollovenorecourse
    requestsadtonguewassat
    cryingwhatbullyangry
Введите код: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК