Сделать домашней|Добавить в избранное
 

Многопользовательский новостной движок,
предназначенный для организации собственных
СМИ и блогов в интернете.

 
» » Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш
на правах рекламы

Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш

Автор: User от 8-06-2018, 09:28
4 маусым күні Еңбекшіқазақ ауданы Шелек модельді ауылдық кітапханасы мен Мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, әкімшіліктің атсалысуымен «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты таным сағаты Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының акт залында өткізілді.
Таным сағатын кітапханашы М.Үмбетова кіріспе сөзімен ашты. Өз сөзінде кітапханашы мемлекеттік рәміздердің шығу тарихымен таныстыра келе: «Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады» дей келе, құттықтау сөз кезегін Шелек ауылдық округі әкімі Есенханов Есенғали Есенханұлына берді.
Шелек ауылдық округінің әкімі: «Бүгінгі күн ерекше күн. Себебі, ата – бабамыз армандағандай тәуелсіз мемлекетте өмір сүрудеміз. Рәміздеріміздің тұғыры биік, елеулі. Сіздер, бүгінгі жастар келешек Отан қорғаушыларсыздар. Ата – бабамыздың қанымен, маңдай терімен жеткізген тәуелсіздік сақтау сіздердің қолдарыңызда» деп игі тілегін жеткізді.
Таным сағаты барысында мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Сқақова Халбүбі мен №1 орта мектептің оқушысы Нұрлан Дидар әуенді әндерін орындаса, Алтынсарин атындағы орта мектептің оқушысы Шора Талғар әсем күймен кешті жандандырды.
Таным сағаты барысында «Ел рәміздері – елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» слайд шоу көрсетілді.
 Ð¤Ð¾Ñ‚о Салтанат Мамажановой.

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Комментарии:

Оставить комментарий
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Уважаемые вебмастера, Вы
просматриваете тестовую страницу
DataLife Engine.
Текущая версия 10.6.