Сделать домашней|Добавить в избранное
 

Многопользовательский новостной движок,
предназначенный для организации собственных
СМИ и блогов в интернете.

 
» » Ұлы даланың ғажап сырлары
на правах рекламы

Ұлы даланың ғажап сырлары

Автор: User от 26-11-2018, 11:19
Елбасының 21 қарашадағы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Рахат 1» орта мектебінде аудандық кітапхана және осы мектептің кітапхана меңгерушісі Д. Жанабилованың ұйымдастыруымен 10-11 сыныптар арасында «Ұлы даланың ғажап сырлары» тақырыбында медиатаным болып өтті. Бұл іс-шарада кітапханашылар Г. Саурықова, Д. Жанабилова және тарих пәні мұғалімі Т. Өмірзақов Елбасы төл тарихымызды бағалап, жаңғыртуға арналған 6 тапсырманы жүктегенін нақтылап түсіндірді. Оның қатарында ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын «Архив-2025» атты жеті жылдық бағдарламасын жасау, 2019 жылы Түркітанушылардың дүниежүзілік конгресін ұйымдастыру, атақты тарихи тұлғаларымыз бен олардың жетістіктерінің құрметіне ашық аспан астында «Ұлы даланың ұлы есімдері» саябағын ашу, сондай-ақ, «Ұлы дала» деген атаумен ежелгі өнер және технологиялар мұражайын ашу сынды тарихи әрі маңызды міндеттер бар. 
Елбасы қорытындылай келе, бұл бастамаларды «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасы секілді жемісті жүзеге асыруға шақырады. Өткенді мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі деді мақала соңында. 
Ортақ ой айтып, пікірлерімен бөліскен «Рахат 1» және «Білім-Инновация» лицейінің 10-11 сынып оқушылары, ұстаздар мақаланың мәнін ашып, көпшілікке жан-жақты етіп түсіндіруге басымдық бермек. Ұлттық құндылық пен тамыры тереңде жатқан тарихымызға қатысты мақаладағы міндеттерді орындауға ниетті екендерін айтып тарқасты.
 
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Комментарии:

Оставить комментарий
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Уважаемые вебмастера, Вы
просматриваете тестовую страницу
DataLife Engine.
Текущая версия 10.6.