» » Ауған ақиқаты

Массовая работа

Ауған ақиқаты

Категория: Информация, Автор: User от 26-02-2019, 16:09, посмотрело: 285

0
Еңбекшіқазақ ауданы Шелек модельді ауылдық кітапханасында 2019 жылыдың 22 ақпанында Биылғы жылы ақпанның 15 - інде КСРО Кеңес әскерлерін Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай, Шелек ауылдық кітапханасында «Ауған ақиқаты» атты кездесу кеші өтті. Кездесу кешке Ауған соғысының ардагерлері, Абай атындағы орта мектеп жанындағы интернаттың 7-8 сынып оқушылары және ұстаздар, кітапханашылыр қатысты. Кешті жүргізуші - кітапханашы Ұ.Бағашарова Ауған соғысы жайлы: 1989 жылы, Ақпан айының 15 - де талай аналарды перзенттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы» аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы» қажет пе еді? деген сұрақтар көп қойылған кезде, біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз. Кеш барысында шақырылған қонақтармен таныстырылып, Ауған соғысының құрбандарына арналған слайд-шоу көрсетілді. Кеш барысында Абай мектеп жанындағы интернаттың оқушылары Ауған соғысының ардагерлеріне арнап арнау өлеңдері мен әсем әндерін тарту етті, сонымен қатар оқушылыр Ауған соғысының ардагерлеріне өздерінің сұрақтарын қойып, толық қанды жауап алды. Өз кезегінде ауған соғысының ардагері Әшекейов Руслан мен Алғабаев Қуаныш: «Бәріміз де Отанды сүйетін, елін жерін қорғайтын батыр атаның ұрпақтарымыз. Егеменді Қазақстанның патриот ұландарымыз. Сонда да ата - баба рухына дақ түсірмей елге абыроймен оралдық. Майдан даласында жанқиарлық пен қаһармандығы үшін он мыңдаған қазақстандық орден, медальдармен марапатталдық». Исламов Айдын мен Глаудинов Ихрам: «Ауғаныстан жерінде болған зұлмат соғыста Кеңес әскерлері қайталанбас қаһармандық таныттық. Мейлі өзге елде болсын, халықтың тыныштығын қалаған батырларымыздың басым бөлігі сол бір сұм жылдарда майдан даласында қаза тапса тағы бірі із – түссіз жоғалып кетті». – деп өз ойларын жеткізді. Кеш соңында кітапханашы Ұ.Бағашарова келген қонақтарға «Ұрпаққа үлгі болған ерлік» атты кітап көрмесімен таныстырды. Қорытынды сөзінде бүгінгі кешке қатысқан қонақтарға рахметін, өзінің ыстық ықыласымен жүрек жарды лебізін білдірді.
 
 

Категория: Информация

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК