Сделать домашней|Добавить в избранное
 

Многопользовательский новостной движок,
предназначенный для организации собственных
СМИ и блогов в интернете.

 
» » Ауған соғысы – өлім мен өмір айқасы
на правах рекламы

Ауған соғысы – өлім мен өмір айқасы

Автор: User от 27-02-2019, 09:53
Еңбекшіқазақ ауданы, «Рахат-1» орта мектебінде 2019 жылғы 26 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шыққанына 30 жыл толуына орай «Ауған соғысы – өлім мен өмір айқасы» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші болып өтті. Кешті кітапхана қызметкерлері Г. Саурықова мен Д. Жанабилова жүргізді. Кешке қатысушы ардагерлер: Саркытбаев Ақан, Кадыров Рафаэль, Алиев Мұхит, аудандық «Нұр Отан» партиясының маманы, Ж.Серікқызы және ауыл кітапханашылары, «Рахат-1» орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары. Ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы Ақан ағамыз сөз алып, ауған соғысын қандай қиындықпен өткен өмірлері жайлы айтып, өзінің тау-тастың арасындағы қиян-кескі ұрыстарға қатысқанын, жауынгер жолдастарының ерліктері туралы көзімен көргендерін айтып өтті. Рафаель аға мен Мұхит ағамыз да өзінің басынан өткен оқиғаларды айта отырып, 1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналғанын, бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылғанын айтты. Сөз кезегін алған әскери дайындық мұғалімі Қ. Аюбайұлыда 1979 жылғы 25 желтоқсанда Мәскеу уақыты бойынша сағат 15:00 - де КСРО Қорғаныс министрінің берген бұйрығымен Ауғанстанға қеңес әскерлерін кіргізуі басталғаннан, аяқталғанға дейінгі кезеңді айтып шықты. Кездесу соңында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д. Дәулетханұлына қорытынды сөз берілді. Өз сөзінде: Ардагерлердің бойынан табылатын тәрбиелік мәні бар іс-әрекеттерді, ұлтжандылықты қазіргі жастардың бойына сіңіре беру қажеттігін алға тартты. Кештің соңында өлеңдерін оқып, өнерлерін көрсетті. Естелік ретінде ардагерлермен суретке түсті.
 
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Комментарии:

Оставить комментарий
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Уважаемые вебмастера, Вы
просматриваете тестовую страницу
DataLife Engine.
Текущая версия 10.6.