» » Ана тілі - бәріміздің анамыз

Массовая работа

Ана тілі - бәріміздің анамыз

Категория: Информация, Автор: User от 12-09-2019, 10:06, посмотрело: 65

0

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасы мен Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің ұйымдастыруымен  тілдер күніне орай 11 қыркүйек күні  «Ана тілі - бәріміздің анамыз» атты азаматтық форум өтті. Аудандық кітапхананың әдіскері Г.Саурықова  «Тіл - халықтың сан ғасырлық тарихы. Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеу керек» -  екендігін айтты. Іс-шараға «Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» Еңбекшіқазақ аудандық филиалының меңгерушісі Н. Рахымбаева, «Рухани жаңғыру» орталығының маманы Д.Коканова, кітапханашылар, колледж ұстаздары мен студенттері, барлығы 60 адам қатысты. Іс-шараның  мақсаты: студенттерге туған жерге, Отанға, ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, инабатты, халқын, салтын сүйетін, тілін құрметтейтін тұлға қалыптастыру, саналы азамат ұрпақ тәрбиелеу. Шараға қатысушылар тілге қатысты ой- толғап, пікір таластырды. Кітапханашы Г.Дүйсембинова тақырып аясында слайд көрсетті.

 

Категория: Информация

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК