Тәуелсіздік дәуірі » Сайт Енбекшиказахской районной библиотеки Рейтинг@Mail.ru

» » Тәуелсіздік дәуірі

Массовая работа

Тәуелсіздік дәуірі

Категория: Информация, Автор: Admin от 23-02-2018, 10:35, посмотрело: 27

0
2018 жылдың 22 ақпан күні Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабының тұсаукесер салтанаты өтті. Қатысқандар: «Еңбекшіқазақ» саяси-қоғамдық газітінің бас редакторы Х.Ахметжанов, «Нұр Отан» партиясы, Еңбекшіқазақ аудандық филиалының кеңесшісі Қ.Дарбаева, Еңбекшіқазақ мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы А.Қанапина, Абылай хан атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ғ.Қырбасова, «Білім-Инновация лицей интернатының 10-11 сынып және Абылай хан атындағы орта мектептің 8-9 сынып оқушылары, кітапхана қызметкерлері, барлығы 36 адам. Жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімін «Еңбекшіқазақ» саяси-қоғамдық газітінің бас редакторы Х.Ахметжанов және «Нұр Отан» партиясы, Еңбекшіқазақ аудандық филиалының кеңесшісі Қ.Дарбаева ашты. Іс-шараны кітапханашы Г.Саурықова жүргізіп, «Тәуелсіздік дәуірі» кітабына шолу жасай келе сөз кезегін қонақтарға берді. Х.Ахметжанов, «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы: Елбасымыздың ой-толғаныстарынан тұратын, мемлекетіміздің негізін қалаған тұлғаның өз қолымен жазылған бұл кітапты мен Тәуелсіздік энциклопедиясы дер едім. Қ.Дарбаева, «Нұр Отан» партиясы, Еңбекшіқазақ аудандық филиалының кеңесшісі: Осы кітаптың маңыздылығы, біздің жастарымызға күндіз-түні оқып, тарихымызды білетін кітап болатыны анық. Ғ.Қырбасова, Абылай хан атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі: Кітап үлкен төрт бөлімнен тұрады. Осы төрт бөлімде Елбасы басынан аяғына дейін маржандай тізіп біздің үш рухани жаңғыруымызды көрсеткен. Бұл кітап Тәуелсіздіктің тағдыры туралы. «Ұлы тарих Кемел келешекке жетелейді» — деп Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, аудандық кітапхананың директоры С.Мамажанова оқушыларды «Тәуелсіздік дәуірі» атты Елбасының кітабын оқуға шақырды. Іс-шара соңында кітапханашы Г.Свининникова «Елімнің тағдыры - менің тағдырым» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Категория: Информация

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
  • winkwinkedsmileam
    belayfeelfellowlaughing
    lollovenorecourse
    requestsadtonguewassat
    cryingwhatbullyangry
Введите код: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК