Баршамызға белгілі 2020 жылдың 1 қыркүйегінде ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жария етті. Онда көрсетілген әрбір 11 іс-қимыл жоспарының өзіндік ерекшелігі бар. Осыған орай Ақши ауылдық кітапханасы өз оқырмандарымен Жолдауға қолдау көрсету мақсатында танысу-талдау жасады. Жолдауда қазіргі кезеңде тұрғындар үшін маңызды болып отырған білім беру, жұмыспен қамту, тұрғын үй, отбасы құндылықтары, демографиялық жағдай, әлеуметтік көмек сияқты маңызды сұрақтарға ұтымды жауаптар берілгендігін тілге тиек еткен оқырмандар Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауына бірауыздан қолдау көрсететіндерін жеткізді.