Массовая работа

Тарихты түлету – болашағымызды тану

Категория: Информация, Автор: User от 29-11-2018, 14:08, посмотрело: 85

0
27 қараша күні Еңбекшіқазақ ауданы Космас ауылдық кітапханасында Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Тарихты түлету – болашағымызды тану» атты әңгіме-сұхбаты болып өтті. Сұхбат барысында оқушылырға еліміздің сан ғасырлар бұрында өз мәдениетіміз, дәстүріміз, байлығымыз, ұлы тұлғалар болғандығын айта отырып, өткенімізді ұмытпау барымызды бағалауға керек екендігі айтылды.
 
На данном изображении может Ð½Ð°Ñ Ð¾Ð´Ð¸Ñ‚ÑŒÑÑ: 3 человека, люди сидят и в помещении
 

Ұлы даланың ғажап сырлары

Категория: Информация, Автор: User от 26-11-2018, 11:19, посмотрело: 69

0 Елбасының 21 қарашадағы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Рахат 1» орта мектебінде аудандық кітапхана және осы мектептің кітапхана меңгерушісі Д. Жанабилованың ұйымдастыруымен 10-11 сыныптар арасында «Ұлы даланың ғажап сырлары» тақырыбында медиатаным болып өтті. Бұл іс-шарада кітапханашылар Г. Саурықова, Д. Жанабилова және тарих пәні мұғалімі Т. Өмірзақов Елбасы төл тарихымызды бағалап, жаңғыртуға арналған 6 тапсырманы жүктегенін нақтылап түсіндірді. Оның қатарында ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын «Архив-2025» атты жеті жылдық бағдарламасын жасау, 2019 жылы Түркітанушылардың дүниежүзілік конгресін ұйымдастыру, атақты тарихи тұлғаларымыз бен олардың жетістіктерінің құрметіне ашық аспан астында «Ұлы даланың ұлы есімдері» саябағын ашу, сондай-ақ, «Ұлы дала» деген атаумен ежелгі өнер және технологиялар мұражайын ашу сынды тарихи әрі маңызды міндеттер бар. 
Елбасы қорытындылай келе, бұл бастамаларды «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасы секілді жемісті жүзеге асыруға шақырады. Өткенді мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі деді мақала соңында. 
Ортақ ой айтып, пікірлерімен бөліскен «Рахат 1» және «Білім-Инновация» лицейінің 10-11 сынып оқушылары, ұстаздар мақаланың мәнін ашып, көпшілікке жан-жақты етіп түсіндіруге басымдық бермек. Ұлттық құндылық пен тамыры тереңде жатқан тарихымызға қатысты мақаладағы міндеттерді орындауға ниетті екендерін айтып тарқасты.
 
 

 

Ұлы даланың жеті қыры

Категория: Информация, Автор: User от 26-11-2018, 11:12, посмотрело: 75

0 Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы – ұлт рухының айрықша салтанат құруына негіз болған ерекше оқиға! Ұлы даланың жеті қыры бағдарламалық мақаласындағы ұлттық сананың жаңаша қалыптастыру басқа елдердің озық тәжірибесін, жетістіктерін бойға сіңіріп, пайдамызға асыру. Ұлы даланың жеті қырына тоқтала кетсек бірінші бөлімі: Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт, екінші бөлімі: тарихи сананы жаңғырту. 
Еңбекшіқазақ ауданды әкімінің аудандық кітапханасында «Тарихи сана -ұлттық болмыс» атты тақырыбында оқырмандар арасында талқыланды.
 

 

Ескерткіш – ел тарихы

Категория: Информация, Автор: User от 26-11-2018, 11:06, посмотрело: 78

0
Қазақстан Республикасының 1992 жылғы шілдедегі «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» №1488-ХІІ Заңы негізінде ауданымыздағы тарихи ескерткіштерді, қорғандарды, обаларды қорғау, өскелең ұрпаққа осы қалпында жеткізу мақсатында «Ескерткіш – ел тарихы» атты тақырыпта семинар аудандық кітапхананың оқу залында 21 қараша күні өтті. Іс-шараның маңыздылығын ескере отырып, Есік қаласы мен ауылдық округтардағы мәдениет саласына жауапты қызметкерлер қатысты.
 
 

Кітап және компьютер

Категория: Информация, Автор: User от 5-11-2018, 15:01, посмотрело: 68

0
2 қараша күні Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасының кітапханашысы Г.Саурықова «Кітап және компьютер» атты диспут өткізді. Іс-шараға қатысқандардың пікірлері екіге бөлініп бірі кітапты, екіншісі компьютерді қолдады. Пікір алыса келе жиналғандар компьютердің де, кітаптың да керек екендігіне көз жеткізді.
 
На данном изображении может Ð½Ð°Ñ Ð¾Ð´Ð¸Ñ‚ÑŒÑÑ: 7 человек, в том числе Гулия Саурыкова, люди улыбаются, люди сидят и в помещении
 

Жолдау

Категория: Информация, Автор: User от 19-10-2018, 17:14, посмотрело: 101

0
12 қазан күні Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылдық кітапханасында "Қазақстандықтардың əл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Елбасының жолдауын насихаттау барысында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысқандар: мəдениет қызметкерлері, Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы, "Елім-ай" қоғамдық қорының төрағасы, Нұр Отан партиясының белсенді мүшесі Жаңаберген Мұхаммедов, Қ.Орымбетов атындағы орта мектепбінің 8 "ə" сынып оқушылары, ұстаздар. Кітапханашы Ж. Наширбекова оқушыларға келер жыл "Жастар жылы" деп жарияланғалы жайлы, президентіміз "Болашақ жастардың қолында" деп сенім артып, жастарға көптеген көңіл бөліп, соңымен қатар үлкен үміт артып отырғаны жайлы жеткізді. Талдау барысында келген қонақтар өз, пікірлерімен бөлісіп, биылғы жолдауға он бағасын берді.
 
На данном изображении может Ð½Ð°Ñ Ð¾Ð´Ð¸Ñ‚ÑŒÑÑ: 3 человека, люди сидят и в помещении
 

Адал жол - Честный путь

Категория: Информация, Автор: User от 18-10-2018, 09:43, посмотрело: 126

0
«Саналы ұрпақ» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында аудандық кітапханада кітапхана ұжымы және оқырмандар «Адал жол - Честный путь» марафонына ат салысты.
 
 

Жолдау

Категория: Информация, Автор: User от 15-10-2018, 09:43, посмотрело: 138

0
11 қазан күні Шелек ауылдық кітапханасы «Коворкинг» орталығында «Шелек-2018» қоғамдық бірлестігінің мүшелері мен кітапханашылар Елбасымыздың кезекті Жолдауын талқылады. Биылғы Жолдау Елбасымыздың болашақты болжайтын көреген саясатының, батыл қадамдарының стратегиялық терең ойшылдығының тағы бір нақты көрсеткіші. Бұл жолы да әлеуметтік бағыт Жолдаудың өзегіне айналып отыр. Әлеуметтік жаңашылдықтармен қатар, Жолдауда мықты экономикалық серпін де бар - деді жиналғандар.
 
 

Жолдау

Категория: Информация, Автор: User от 15-10-2018, 09:35, посмотрело: 127

0
Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапхана ұжымы қызметкерлерінің қатысуымен 12 қазан күні Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты талқылау жиыны өтті. Кітапханашылар еліміз үшін маңызы зор мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын талқылап, ой-пікірлерімен бөлісті.
 
 
 

Қарты бар ел-қазыналы ел

Категория: Информация, Автор: User от 4-10-2018, 15:44, посмотрело: 110

0
Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылдық кітапханасының кітапханашысы К.Есимова мәдениет үйінің қызметкерлерімен бірлесе отырып 1 қазан қарттар мерекесіне орай "Қарты бар ел-қазыналы ел" атты әдеби кеш өткізді. Қарттарды мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттар мен қоса гүл шоқтары табыс етілді. Кеште мың бұрала би билеп ән шырқалды. Қарттар өз ризашылықтарын білдірді. Кітапханашы К.К.Есимова "Аталар сөзі - асыл қазына " атты кітап көрме ұйымдастырды.
 
На данном изображении может Ð½Ð°Ñ Ð¾Ð´Ð¸Ñ‚ÑŒÑÑ: 3 человека, люди стоят
 
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК