Сделать домашней|Добавить в избранное
 

Многопользовательский новостной движок,
предназначенный для организации собственных
СМИ и блогов в интернете.

 
на правах рекламы

Мемлекеттік рәміздер - мақтанышым

Автор: User от 10-06-2020, 15:09
Құрметті оқырмандар!
Мемлекеттік рәміздер – ел дамуының ажырамас бөлігі. Сондықтан қазақстандықтардың осы рәміздерге деген құрметі, оларды бойтұмардай қастерлеуі ерекше сезіліп тұруы тиіс. Рәміздер арқылы елімізді бүкіл әлем таниды. Өйткені онда қазақ халқының бастан өткізген тарихы, мәдениеті мен дәстүрі көрініс береді. «Мемлекеттік рәміздер - мақтанышым» атты танымдық сағатты Қаражота ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Ботамбаева ұсынады.
 
Нет описания фото.

Рәміздер – елдігімнің тірегі

Автор: User от 10-06-2020, 15:07
Құрметті оқырмандар!
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. «Рәміздер – елдігімнің тірегі» атты слайд-галереяны Қазақстан ауылдық кітапханасының кітапханашысы С.Кудретбаева назарларыңызға ұсынады.
 
Нет описания фото.

Рәміздер – елдігімнің белгісі

Автор: User от 10-06-2020, 15:04
Құрметті оқырмандар!
1992 жылғы маусымның 4-де тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді - бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады.Осы күнге орай аудандық кітапхананың кітапханашысы Г.Дуйсембинова ұйымдастырған «Рәміздер – елдігімнің белгісі» атты кітапханалық квилтті назарларыңызға ұсынамыз.  
 
Нет описания фото.

Рәміздер – басты құжат

Автор: User от 10-06-2020, 15:01
Құрметті оқырмандар!
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір қазақстандықтың абыройлы міндеті. Өйткені біз оны қастерлеу арқылы елімізге, мемлекетімізге деген ізгі ниетіміз бен шын ықыласымызды білдіреміз. Қай уақытта болса да әлемнің әр түкпіріндегі елдер үшін де тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің неғұрлым кең көрінісі мемлекеттік рәміздер болып табылады. Рәміздер өзінің болмысымен, мазмұнымен әрбір азаматтың туған еліне деген отаншылдық, патриоттық рухын асқақтатады. Оның әр жүректе өз Отаны үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруда, ел тәуелсіздігін нығайтуда алар орны ерекше. «Рәміздер – басты құжат» атты слайд-галереяны Түрген ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.Карбозова назарларыңызға ұсынады.
 
Нет описания фото.

Құндылықтарымыз – мемлекеттік рәміздер

Автор: User от 10-06-2020, 14:58
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні
Рәміздер – бұл мемлекеттің төлқұжаты. Рәміздерді насихаттаудағы мақсат – әрбір жас буын жеткіншектің Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру. Оларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу болып табылады. Осы күнге орай
Бәйдібек би ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Базарова «Құндылықтарымыз – мемлекеттік рәміздер» атты видео-шолуды оқырмандар назарына ұсынады.
 
Нет описания фото.

Рәміздерім - мақтанышым

Автор: User от 10-06-2020, 14:54
Елбасы Н.Ә.Назарбаев сөйлеген сөзінде: «Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман - тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр» деп атап көрсетті. Ендеше, «Рәміздерім - мақтанышым» атты слайд-галереяны Ақши ауылдық кітапханасының кітапханашысы Л.Жанаева назарларыңызға ұсынады.
 
На изображении может находиться: текст

Бала – біздің болашағымыз

Автор: User от 10-06-2020, 14:52
Құрметті ата-аналар, қымбатты бүлдіршіндер мен сәбилер!
1 маусым Балаларымызды қорғау күні құтты болсын! Балалар аман болсын, денсаулығы мықты болсын! Балалардың жолы ашық болып, ойлаған армандарына жетсін, біздердің қуанышымыз болсын! «Бала – біздің болашағымыз» атты опен-эйерді назарларыңызға Нұра ауылдық кітапханасының кітапханашысы К.Есимова ұсынады.
 
Нет описания фото.

Балаларға базарлық

Автор: User от 10-06-2020, 14:48

Құрметті оқырмандар!

Қаракемер ауылдық кітапханасы 1 маусым – балаларды қорғау күніне орай «Балаларға базарлық» атты кітап көрме ұйымдастырды. Көрмеге ежелгі Қазақстан аңыздары, әфсаналары, балаларға арналған әртүрлі энциклопедиялар, қазақ және әлем ертегілері, эдеби өлеңдер, батырлар туралы жырлар, мақал-мәтелдер және басқа да кітаптар қойылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақытты балалық шақ

Автор: User от 10-06-2020, 14:44
Құрметті балалар, достар, ата - аналар!
Сіздерді бүгінгі 1 - маусым балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын! Жұртымыз, еліміз тыныш, деніміз сау, басымыз аман, жұмысымыз жемісті болсын! Көктөбе ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.Бахытжан дайындаған «Бақытты балалық шақ» атты видео-роликті тамашалауға шақырамыз.
 

Бала деген бір бақыт

Автор: User от 10-06-2020, 14:40
Құрметті ата-аналар, қымбатты бүлдіршіндер мен сәбилер!
1- маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз. Осы күнге орай «Бала деген бір бақыт» атты опен-эйрді аудандық кітапхананың кітапханашылары Г.Уразимбетова және А.Нурлыбаева назарларыңызға ұсынады.
 
На изображении может находиться: текст

Уважаемые вебмастера, Вы
просматриваете тестовую страницу
DataLife Engine.
Текущая версия 10.6.