Массовая работа

Хан Тәңірінің мұзбалағы

Категория: Информация, Автор: Admin от 21-02-2018, 10:38, посмотрело: 102

0 Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасына қарасты Шелек модельді ауылдық кітапханасында 2018 жылдың 20 ақпан күні ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында кітапханашы Ұ.Бағашарованың ұйымдастыруымен, «Жас әдебиетшілер» клуб мүшелерінің атсалысуымен «Хан Тәңірінің мұзбалағы» атты әдеби композиция өткізілді. Шара барысында «Поэзия әлемінің майталманы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақының өмір баянына байланысты «Егіз жүрек», «Пай-пай өмір», «Бұлқынып жатыр», «Бүгін менің туылған күнім» атты бейне баяндар, сонымен қатар «Ғасыр ақыны» слайд – шоу көрсетілді. Қатысқандар: Шелек полиция күзет бөлімінің қызметкерлері, «Жас әдебиетшілер» клубының мүшелері және Молдағұлова мектебінің оқушылары, ұстаздар, кітапханашылар – 50 адам.
Әдеби копозицияны кітапханашы Ұлбосын Бағашарова кіріспе сөзбен ашып: «Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды. Абай үндес Мұқағалидей перзенті бар біздің халық – шынымен де бақытты. Иә, Мұқағали - ғажайып, сыршыл, ақын. 
 Ақын деген лапылдаған өрт екен,
Ақындардың жанып өту серті екен
-деп қанатты қалам мен ақ парақты серік етіп, жаратқан жіберген өнерін өлгенше өшірмей, өзіне жүктелген міндетті адал атқарды емес пе? Десе де, «аңсамаймын, алмаймын көп өмірді» деген байыпты болжауы періште құлағына ілініп қалса керек. Сөйтіп, оттай лаулаған қыршын өмір үзіліп кетті. Оның маржан жырлары халқымен бірге жасап мәңгілік өшпейді, қазір жазылғандай, сиясы кеппек емес...
Лай су шаймайтын арым бар ,
Дауылдан қорықпас жаным бар,
- деп өткен Мұқағали Мақатаев халқын сүйді, халық ақынды сүйді» деп сөз кезігін жүргізушілерге берді. 
Жүргізушілер өз кезегінде Мұқағали Мақатаевтың өмірімен шығармаларын насихаттап толық мәлімет беріп өтті. Сонымен қатар ақынның «Менің анкетам», «Жазылар естеліктер мен туралы» , «Қайран Қарасазым – ай», «Қазақстан», «Соқ жүрек», «Шеше сен бақыттысың жыламағын», «Дәрігеріме» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Мұқағали Мақатаевтың болашақ ізбасарлары, Молдағұлова және Абай атындағы орта мектептерінің оқушылары Жарылқасын Айтолы мен Бидахметова Аида өз шығармашылығынан ақынға арнауларын тарту етті. 
 Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Мен деп ойла», «Саржайлау», «Есіңе мені алғайсың» т.б әндерін Жексенбай Айбота мен Бидахметова Аида өз деңгейінде орындады.
Кеш соңында Абай атындағы қазақ орта мектеп жанындағы мектеп-интернаттың меңгерушісі Күбенбаева Айгүл Тұранқызы өз кезегінде: «Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да, шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіруге, рухани танымын кеңейтуге ықпал етудеміз. Мұқағали – ХХ ғасырдың «Ғасыр ақыны» боп танылған поэзия пайғамбары. Жырларының құндылығы ақын жанының риясыз тазалығында жатыр деп ұғынуымыз қажет» - деп өз сөзін түйіндеді.
Қорытынды сөзді кітапханашы Ұлбосын Бағашарова келген қонақтарға, қатысқан оқушыларға алғысын айтып жүрек жарды лебізін білдірді.
Фото Салтанат Мамажановой. 

 

Латын әліпбиі: жаңғыру жазудан басталады

Категория: Информация, Автор: Admin от 19-02-2018, 10:29, посмотрело: 122

0 16 ақпан күні Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасының оқу залында «Латын әліпбиі: жаңғыру жазудан басталады» атты өзекті диалог өтті. Іс-шараға қатысқандар:
мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Б.Шарғынова, «Еңбекшіқазақ» газетінің тілшісі, журналист Н.Камалова, Абылай хан атындағы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Ж.Мұсаходжаева, «Білім-Инновация» лицей интернатының және Абылай хан атындағы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары, ұстаздар, барлығы - 25 адам. 
Өзекті диалогты жүргізген кітапханашы Г.Саурықова латын әліпбиіне көшу маңыздылығын және латын графикасының жаңа нұсқасы туралы мағлұмат беріп, кітапхана қонақтары мен оқырмандардан латын әліпбиі туралы олардың не білетіні, латын әліпбиіне көшу арқылы Қазақстан қандай мүмкіндіктерге ие болатыны және т.б. туралы сұрақтарға жауап алды. Бекен Еділ (Білім-Инновация лицей интернатының 11 сынып оқушысы): «Мен латын әліпбиіне көшуге және тіл саясатындағы өзгерістерге қарсы емеспін. Бұл уақыттың заманауи талабы». Нұрсапа Әділет (Білім-Инновация лицей интернатының 10 сынып оқушысы) «Бүкіл әлем латын қарпін қолданады. Халықаралық деңгейге шығу үшін латын әліпбиі ең қолайлы әліпби. Менің ойымша, біз, жастар үшін бұл қиындық тудырмайды». Осылайша жиналғандар өз ойларын ортаға салып, латын әліпбиін қолдайтынын білдірді.
Оқырмандардың назарына ежелгі кезеңнен бүгінгі күнге дейін қазақ жазуының барлық дамуының кезеңін, яғни қазақ тілі жазуында руникалық жазуды, арабша жазуды, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында латын, 1940 жылдан бастап кириллица жазуын қолданғанын және де 2018 жылдан 2025 жылға дейін қазақ тілін латын қарпіне көшіруді айқындайтын слайдтық таныстырылым ұсынылды.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Жолдауға - қолдау

Категория: Информация, Автор: Admin от 15-02-2018, 10:28, посмотрело: 83

0
14 ақпан күні Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасына қарасты Ақши ауылдық кітапханасында «Жолдауға - қолдау» атты ақпарат сағатын кітапханашы Л.Жанаева кітапхана оқырмандары арасында өткізді. Іс-шара барысында кітапханашы Елбасы атап көрсеткен жүзеге асыратын 10 негізгі міндетті атап және олардың мәнін қысқаша мазмұндап берді. Жиналған оқырмандар өз ойларын ортаға салып, Елбасына алғыстарын айта келе, қолдау көрсететіндерін білдірді.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Ауғанстан – жүректегі жара

Категория: Информация, Автор: Admin от 15-02-2018, 10:25, посмотрело: 93

0
14 ақпан күні Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасына қарасты Қаракемер ауылдық кітапханасында «Ауғанстан – жүректегі жара» атты тұлғатану сабағы өтті.Кітапханашы Ж.Наширбекова оқушыларға Ауған соғысының тарихын айтып, соғысқа қатысқан ардагерлерге өлең жолдарын оқып берді. Ауған соғысына қатысқан ардагерлер Майлыбаев Амирхан, Карпов Сергей тұлғатану сабағына қатысып, оқушыларға өздерінің басынан кешкендерін айтып берді. Қонақтарға өлең жолдары арналды және шағын сыйлықтар табыс етілді.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Ұлттың - Ұлы ұстазы

Категория: Информация, Автор: Admin от 15-02-2018, 10:14, посмотрело: 109

0
Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасына қарасты Қаракемер ауылдық кітапханасы мен Қ.Орымбетов атындағы орта мектептің кітапханасы бірлесе отырып А.Байтұрсыновтың 145 жыл толуына орай «Ұлттың – Ұлы ұстазы» атты портрет кешін 5 сынып оқушылары арасында ұйымдастырды. Кітапханашы Ж.Наширбекова А.Байтұрсыновтың қысқа да нұсқа өмір жолымен, шығармасымен таныстырып, кітап көрмесіне шолу жасады. Оқушылар ақынның өлеңін жатқа айтып, шығармасынан көптеген мәліметтер алды.
Фото Салтанат Мамажановой. 

 

Азаттық таңын аңсаған Алаш

Категория: Информация, Автор: Admin от 12-02-2018, 10:16, посмотрело: 107

0
Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасына қарасты Қаражота ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Ботамбаева және Қаражота ауылдық Мәдениет үйінің ұжымы бірлесе А.Байтұрсыновтың 145 жыл толуына орай «Азаттық таңын аңсаған Алаш» атты әдеби-танымдық сағат өткізді. Бұл іс-шараға Б.Момышұлы атындағы орта мектептің 7 сынып оқышылары қатысты, барлығы 15 адам. Кітапханашы Ж.Ботамбаева Байтұрсыновтың мақалалары, ғылыми еңбектері мен кітап көрмесіндегі кітаптармен таныстарап өтті. Оқушылар Байтұрсыновтың мысал әңгімелері мен өлеңдерін жатқа айтты.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Ұлт ұяты

Категория: Информация, Автор: Admin от 8-02-2018, 10:24, посмотрело: 88

0
7 ақпан күні Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасына қарасты Түрген ауылдық кітапханасында келешек ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Ұлт ұяты» атты тақырыпта әңгіме сағаты өтті. Бұл іс-шараның мақсаты дініміздің негізін үйрену арқылы оқушылардың рухани дүниесі дамып, кез келгеннің құрығына түсуден сақтанып қана қоймай, өмірдегі өз орнын табуға көмектесіп, ақиқаттың жолымен ғана жүруді үйретеді.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Мұқағали – қазақ жырының Хантәңірі

Категория: Информация, Автор: Admin от 8-02-2018, 10:22, посмотрело: 143

0
Оқушыларды поэзияны сүюге, Мұқағали ақынның жырларын, әндерін айта отырып, өз елін, ұлтын сүюге тәрбиелеу мақсатында Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасына қарасты Нұра ауылдық кітапханасының кітапханашысы К.Есимова 7 ақпан күні Мәдениет үйінде «Қазақ поэзиясының Хантәңірі!» атты поэзия кешін О.Жандосов атындағы орта мектептің 5-10 сынып оқушылары арасында өткізді. Кітапханашы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмір баянымен таныстырып және «Мұқағали – қазақ жырының Хантәңірі» атты кітап көрмесіне шолу жасап өтті. Іс-шараға 22 оқушы қатысты. Оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа нақышына келтіріп мәнерлеп оқыды. Мұқағали ақынның жырлары кеш барысында оқушыларға шабыт беріп, өз бойларындағы таланттарын жоғары дәрежеде көрсеткен оқушылар кеш соңында мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Жырлайды жүрек

Категория: Информация, Автор: Admin от 8-02-2018, 10:11, посмотрело: 95

0

 

 

 

Түрген ауылдық кітапханасының қызметкері А.Карбозова және Мәдениет үйінің қызметкерлері бірігіп Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Жырлайды жүрек» атты өлеңді мәнерлеп оқудан сайыс өткізді. Сайысқа 4-8 сынып оқушылары қатысып, көзге түскен Манап Назерке, Ербол Гүлмарал, Жамбыл Арман және т.б. мақтау қағаздарымен марапатталды.

Фото Салтанат Мамажановой.
 

Жолдауға - қолдау

Категория: Информация, Автор: Admin от 5-02-2018, 09:16, посмотрело: 93

0
Қалыптасқан дәстүр бойынша Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасының ұжымы Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған жаңа «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жақсы сезіммен қарсы алды. Жолдауда экономикалық-қаржылық сектор, технология, білім беру, денсаулық сақтау бағыттары, барлығы 10 бағыт қамтылған. Кітапханашылар өз ойларын ортаға салып, еліміздің өркендеуі жолында тек алдынғы қатардан көрінетіндеріне сенімдерін білдірді.
Фото Салтанат Мамажановой.
 
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК