» Страница 13

Массовая работа

«Алғыс айту - парызым

Категория: Информация, Автор: User от 2-03-2018, 14:49, посмотрело: 289

0
1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай Малыбай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г.Гаитова 5 б сынып оқушылары арасында «Алғыс айту - парызым» атты тақырыбында әңгіме-сұхбат өткізді. Сұхбат барысында кітапханашы оқушыларға әр түрлі сұрақтар қойып, әңгіменің тақырыбын ашты. Балалар өздерінің ойларымен бөлісіп,бір-біріне алғыстарын білдірді.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Жыр алыбы Жамбыл

Категория: Информация, Автор: User от 1-03-2018, 15:00, посмотрело: 284

0
Нұра ауылдық кітапханасында 28 ақпан күні кітапханашы К.Есимованың ұйымдастыру мен Жамбыл Жабаевтың туғанына 172 жыл толуына байланысты "Жыр алыбы Жамбыл " атты дөңгелек үстел өтті. Мектеп оқушыларына Жамбыл атамыздың өмірбаянынмен шығармаларынан толық мәлімет берілді. Жамбыл ақынның дастандары оқылып, жырларынан үзінділер оқылды. Мәдениет үйінің директоры және көркемдік жетекшісі қатысқан бұл іс шарада Жамбыл атамыздың Алғадай ұлын соғысқа шығарып салғандағы жыры және Кенен ақынның Жамбылға көңіл айтуы, Жамбылдың Алғадайды жоқтауы сияқты туындылары қамтылды.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Жыр алыбы - Жамбыл

Категория: Информация, Автор: User от 1-03-2018, 11:42, посмотрело: 285

0 Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасы 
28-ші ақпанда Қаражота ауылдық кітапханасы мен мəдениет үйі қызыметкерлері, Б.Момышұлы орта мектебінің 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен Ж. Жабаевтың туғанына 172 жыл толуына орай "Жыр алыбы - Жамбыл" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мəдениет үйінің көркемдік жеткешісі А.Айбасова ақынның өмірбаяны мен шығармашылығынан қысқаша мəлімет оқыды. Сонымен қатар кітапханашы Ж.Ботамбаева "Жыр алыбы - Жамбыл" атты кітап көрмесін ұйымдастырып, ақынның кітаптарымен таныстырды. Осы іс шара барысында Ж. Жабаевтың өлеңдерінің ерекшелігі, суырып салма ақындығы жайлы оқушылар тереңірек мағлұмат алды. Оқушылар ақынның өлең - жырларын мəнерлеп оқумен аяқталды.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Жүз жыл жырлаған бәйтерек

Категория: Информация, Автор: User от 1-03-2018, 11:35, посмотрело: 297

0
28 ақпан күні Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасына қарасты Қаракемер ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Наширбекованың ұйымдастыруымен Жамбыл Жабаевтың туғанына 172 жыл толуына орай «Жүз жыл жырлаған бәйтерек» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында жиналғандар ақынның өмірі және шығармашылығынан мәліметтер алып, ақынның өлеңдерін жатқа айтты.,
 
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Жыр алыбы - Жамбыл

Категория: Информация, Автор: User от 1-03-2018, 11:30, посмотрело: 311

0
28 ақпан күні Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасына қарасты Космос модельді ауылдық кітапханасында Мәдениет үйының қызметкерлерімен бірлесе «Жыр алыбы - Жамбыл» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған ауыл тұрғындары және мектеп оқушылары қатысты, барлығы 25 адам. Кітапханашы А.Мысаева Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына тоқталып, сөз кезегін жиналған оқырмандарға берді. Оқушылар ақынның өлеңдерін оқыды, ауыл тұрғыны Р.Рахметов ән шашуын арнады.
 Фото Салтанат Мамажановой.

 

Дініңді ұстай алсаң – қасиетің, ұстай алмасаң - қасіретің

Категория: Информация, Автор: User от 28-02-2018, 11:28, посмотрело: 354

0
27 ақпан күні Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасына қарасты Нұра ауылдық кітапханасының кітапханашысы К.Есимованың ұйымдастыруымен «Дініңді ұстай алсаң – қасиетің, ұстай алмасаң - қасіретің» атты тақырыбында имаммен кездесі кеші өтті. Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында діни радикализм мен экстремизмнің енуі мен тарауы ең күрделі проблемаға айналып отыр. Діни экстремизм мен терроризм әрбір мемлекеттің ұлттық қорғау мүддесі деңгейінің тәуелділігін арттырып, әлемдік мәндегі проблемаға айналып отыр. Қоғамды жою, немесе жағдайды ұшықтыру мақсатында көбіне дінді пайдаланады, сол себептен жастарға өмірге ашық көзбен қарап, тура жолмен жүруге, өздерін алдауға жол бермеуге насихаттау. Кітапханашы діни экстремизм және терроризм жайлы толық мәлімет беріп, сөз кезегін ауылдың имамы Мұрат ағайға берді. Имам оқушылардың ойларында жүрген сұрақтарына жауап берді.Кездесу қызықты өтті. «Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы» атты кітап көрме ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.
 Фото Салтанат Мамажановой.

 

Жолдау

Категория: Информация, Автор: User от 28-02-2018, 11:14, посмотрело: 301

0
27 ақпан күні Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасына қарасты Балтабай ауылдық кітапханасында әкімшілік қызметкерлерінің қатысуымен Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылы 10 қаңтарда «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына талдау өткізілді. Жаңа заманға сай болу үшін әр адам өз елінің игілігі үшін жұмыс істеп, білімді болып, бағдарламалардың іске асуына өз үлестерін қосып отырса еліміз алдыңғы қатарлы елдің бірі болады деп сенеміз, - деп өз пікірлерімен бөлісті әкімшілік мамандары.
Фото Салтанат Мамажановой. 


 

Мерейлі Астана

Категория: Информация, Автор: User от 28-02-2018, 10:40, посмотрело: 313

0
Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасына қарасты Космос модельді ауылдық кітапханасында 2018 жылдың 26 ақпан күні Астананың 20 жылдығына орай «Мерейлі Астана» атты балалар арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Іс-шараға І.Жансүгіров атындағы орта мектептің 5 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы А.Мысаева балаларға жалпы Астананың тарихы жайлы мәлімет берді. Оқушылар өздерінің Астана жайлы жаттаған өлеңдерін оқыды және өздері шығарған өлеңдерін ортаға салды.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Жаныңда жүр жақсы адам

Категория: ---, Автор: User от 26-02-2018, 13:27, посмотрело: 402

0
Еңбекшіқазақ ауданы, Нұра ауылы О.Жандосов атындағы орта мектепте 23 ақпан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаныңда жүр жақсы адам» атты кездесу кеші өтті. Нұра ауылдық кітапханасының кітапханашысы К.Есимова «Туған елім - тірегім» және «Елім деген ер еді» атты кітап көрмелер ұйымдастырды. «Елім деген ер еді» атты кітап көрме ауылдың алғашқы қазығын қаққан, отыз жыл ел басқарған «Сөгеті» қой совхозының директоры, Еңбек ардагері болған Сағыныш Есбергеновке арналды. Кешке Нұра ауылынан шыққан белгілі азаматтар және әр салада жүрген ауыл мақтаныштары келді.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Тәуелсіздік дәуірі

Категория: Информация, Автор: User от 23-02-2018, 10:35, посмотрело: 341

0
2018 жылдың 22 ақпан күні Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабының тұсаукесер салтанаты өтті. Қатысқандар: «Еңбекшіқазақ» саяси-қоғамдық газітінің бас редакторы Х.Ахметжанов, «Нұр Отан» партиясы, Еңбекшіқазақ аудандық филиалының кеңесшісі Қ.Дарбаева, Еңбекшіқазақ мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы А.Қанапина, Абылай хан атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ғ.Қырбасова, «Білім-Инновация лицей интернатының 10-11 сынып және Абылай хан атындағы орта мектептің 8-9 сынып оқушылары, кітапхана қызметкерлері, барлығы 36 адам. Жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімін «Еңбекшіқазақ» саяси-қоғамдық газітінің бас редакторы Х.Ахметжанов және «Нұр Отан» партиясы, Еңбекшіқазақ аудандық филиалының кеңесшісі Қ.Дарбаева ашты. Іс-шараны кітапханашы Г.Саурықова жүргізіп, «Тәуелсіздік дәуірі» кітабына шолу жасай келе сөз кезегін қонақтарға берді. Х.Ахметжанов, «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы: Елбасымыздың ой-толғаныстарынан тұратын, мемлекетіміздің негізін қалаған тұлғаның өз қолымен жазылған бұл кітапты мен Тәуелсіздік энциклопедиясы дер едім. Қ.Дарбаева, «Нұр Отан» партиясы, Еңбекшіқазақ аудандық филиалының кеңесшісі: Осы кітаптың маңыздылығы, біздің жастарымызға күндіз-түні оқып, тарихымызды білетін кітап болатыны анық. Ғ.Қырбасова, Абылай хан атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі: Кітап үлкен төрт бөлімнен тұрады. Осы төрт бөлімде Елбасы басынан аяғына дейін маржандай тізіп біздің үш рухани жаңғыруымызды көрсеткен. Бұл кітап Тәуелсіздіктің тағдыры туралы. «Ұлы тарих Кемел келешекке жетелейді» — деп Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, аудандық кітапхананың директоры С.Мамажанова оқушыларды «Тәуелсіздік дәуірі» атты Елбасының кітабын оқуға шақырды. Іс-шара соңында кітапханашы Г.Свининникова «Елімнің тағдыры - менің тағдырым» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК