» Страница 2

Массовая работа

Ел рәміздері – тәуелсіздік айғағы

Категория: Информация, Автор: Admin от 8-06-2018, 09:41, посмотрело: 51

0
4-ші маусым күні Еңбекшіқазақ ауданы Тескенсу ауылдық кітапханасында Мемлекеттік рәміздер мерекесіне арналған «Ел рәміздері – тәуелсіздік айғағы» атты рәміздер еліне саяхат кеші өтті. Мақсаты: жастарды Отан сүйгіштікке, Отанына халқына адал қызмет етуге мемлекеттігіміздің нышандары Туымызды, Елтаңбамызды, Әнұранымызды қастаерлеуге шақыру. Кеш барысында рәміздердің әрбір бөлшкетеріне шолу жасалынды, тарихымен, авторларымен таныстырылды. Балалар Отан, рәміздер жайлы өлеңдер оқыды. Кеш соңында викториналық ойындар ойнатылды.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Бақытты балалық шақ

Категория: Информация, Автор: Admin от 8-06-2018, 09:37, посмотрело: 44

0
Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылы Бөлек батыр атындағы орта мектебінің 1-4 сынып оқушыларының қатысуымен «Бақытты балалық шақ » атты мерекелік ойын сауық 4 маусым күні сағат 12.30-да ауылдық кітапхананың кітапханашысы Л.Жанаева өткізді. Ойынға 31 бала қатысты. Іс-шара барысында балалар әртүрлі ойындар ойнап, өлеңдер оқып, би билеп, көтерінкі көңіл күйде тарасты.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Ел рəміздері - ел болашағы

Категория: Информация, Автор: Admin от 8-06-2018, 09:33, посмотрело: 45

0
4-ші маусым рəміздер күніне орай Еңбекшіқазақ ауданы Қаражота ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен "Ел рəміздері - ел болашағы" атты мерекелік кеш өтті. Кешке ауыл тұрғындары, ұстаздар, оқушылар қатысты, барлығы 40 адам. Іс-шара Мәдениет үйінің акт залында өтті. Кешті мəдениет үйінің директоры Г.Шыныбаева құттықтау сөзімен ашты. Кітапханашы Ж.Ботамбаева «Рəміздерім мақтанышым» тақырыбында баяндама оқып, сонымен қатар кітап көрмесіне шолу жасады. Кеште мəдениет үйінің көркемдік жетекшісі А.Айбасова мен оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, əн мен биден шашу шашты.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш

Категория: Информация, Автор: Admin от 8-06-2018, 09:28, посмотрело: 41

0 4 маусым күні Еңбекшіқазақ ауданы Шелек модельді ауылдық кітапханасы мен Мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, әкімшіліктің атсалысуымен «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты таным сағаты Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының акт залында өткізілді.
Таным сағатын кітапханашы М.Үмбетова кіріспе сөзімен ашты. Өз сөзінде кітапханашы мемлекеттік рәміздердің шығу тарихымен таныстыра келе: «Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады» дей келе, құттықтау сөз кезегін Шелек ауылдық округі әкімі Есенханов Есенғали Есенханұлына берді.
Шелек ауылдық округінің әкімі: «Бүгінгі күн ерекше күн. Себебі, ата – бабамыз армандағандай тәуелсіз мемлекетте өмір сүрудеміз. Рәміздеріміздің тұғыры биік, елеулі. Сіздер, бүгінгі жастар келешек Отан қорғаушыларсыздар. Ата – бабамыздың қанымен, маңдай терімен жеткізген тәуелсіздік сақтау сіздердің қолдарыңызда» деп игі тілегін жеткізді.
Таным сағаты барысында мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Сқақова Халбүбі мен №1 орта мектептің оқушысы Нұрлан Дидар әуенді әндерін орындаса, Алтынсарин атындағы орта мектептің оқушысы Шора Талғар әсем күймен кешті жандандырды.
Таным сағаты барысында «Ел рәміздері – елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» слайд шоу көрсетілді.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Алты Алаштың Арыстары

Категория: Информация, Автор: Admin от 8-06-2018, 09:22, посмотрело: 39

0
Еңбекшіқазақ ауданы Қаражота ауылдық кітпханасында "Алты Алаштың Арыстары" атты 31-ші мамыр саяси қуғын-сүргін жəне ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай еске алу сағаты өтті. Қазақ тарихында Алаш арыстарының орны ерекше. Олар Қазақ елінің сан ғасырлық даму тəжірибесін,салт-дəстүрін төңкерістік əдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды өркениетті елдердің өмір тəжірибесін ескере отырып, одан əрі дамытуды, білім алып, көппен терезе теңестіруін көздеді. Ең алдымен қазақтың өз атамекеніне ие болуын мақсат етті. Кітапханашы Ж.Ботамбаева "Алаш ардақтылары" атты кітап көрмесін ұйымдастырып,шолу жасады.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Ертегілер әлемінде

Категория: Информация, Автор: Admin от 8-06-2018, 09:18, посмотрело: 41

0
1 маусым — Балаларды қорғау күніне арналған «Ертегілер әлемінде» атты сурет салу сайысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасында 1 маусым күні өтті. Ата-аналар арасынан әділқазылар алқасы тағайындалып, балалардың салған суреттеріне өз бағаларын берді. Бірінші орынды Әділбай Ақерке, екінші орынды Қамбарбек Алихан, үшінші орынды Сейсенбай Нұрғиса жеңіп алды. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және мерекеге жиналған барлық балалар сыйлықтармен марапатталды.
 
 

Туған елім тірегім, рəміздерім жан жүрегім

Категория: Информация, Автор: Admin от 8-06-2018, 09:13, посмотрело: 116

1
Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 29 мамыр күні Қаракемер мəдениет үйінде 4 маусым Қазақстан Республикасының рəміздері күніне орай "Туған елім тірегім, рəміздерім жан жүрегім" атты тақырыпта мерекелік кеш өтті. Бұл іс-шараның басты мақсаты жиналған қауымға, келешек өсіп келе жатқан жас буынды елін, жерін сүюмен Отанға деген адалдықтың бір белгісі-мемлекеттік рəміздерімізді қадір тұту жəне де құрметтеу болып табылады. Мерекелік кешке кітапханашылар, жоғарғы сынып оқушылары, 6654 əскери бөлімінің сарбаздары, кітапхана оқырмандары жəне ауыл турғындары қатысты. Кешті кітапханашы Баймуханбетова Бекзат пен 6654 əскери бөлімінің сарбазы Бекен Алишер жүргізді. Құттықтау сөз Қаракемер ауылдық округ əкімшілігінің бас маманы Лимтонова Жəмилə Серікқызы, Еңбекшіқазақ аудандық кітапхасының кітапханашысы Саурыкова Күлияғ берілді. Кеш барысында патриоттық әндер шырқалып, рәміздер туралы өлеңдер оқылды.
 Ð¤Ð¾Ñ‚о Салтанат Мамажановой.

 

Рухани қазына – 2018

Категория: Информация, Автор: Admin от 24-05-2018, 17:22, посмотрело: 105

0 "Рухани қазына – 2018"
2018 жылдың 21 – 22 мамыр күндері Астана қаласында өткен Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына» фестиваліне Шелек модельді ауылдық кітапханасынан кітапханашы Адамбекова Артыккул Кодасқызы қатысып келді.
Жиын Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі мен «Тәуелсіздік» сарайы, Республикалық Ұлттық академиялық кітапханаларында өтті.
Фестивальдің салтанатты ашылуын құттықтау сөзбен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мухамедиұлы ашып, жүргізіп отырды. Фестивальға шетел және ТМД елдерінен келген қонақтар қатысты.
«Тәуелсіздік» сарайында «Әлем астаналарының жылнамасы (Летопись столиц мира)» халықаралық көрме ашылды. Көрмеде бірнеше шетел, ТМД елдері және Астана, Алматы, Отырар қалаларының ірі кітапханалары өз кітап көрмелерін алып келді.
Екінші жартысында «Кітапханаларды сандық жүйеге көшіру және электрондық форматтағы кітаптардың кез келген оқырман үшін қолжетімділігі» атты шеберлік класы өтті. Тренер – Астана қаласы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы директорының орынбасары Нұржан Нұржанұлы Жолдыбалинов жүргізді.
Форумның екінші күнінде, яғни 22 мамыр күні Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында кездесу кеші өтті. Кешті көрнекті ақын Ұлықбек Есдәулетов жүргізді. Оған шетел қонақтары және бірнеше әйгілі сазгер, жазушылар сөз сөйледі.
Форум мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерін марапаттаумен, концерттік бағдарламамен аяқталды.Фото Салтанат Мамажановой.
 

 

Қазақ елінің қайсар батыры

Категория: Информация, Автор: Admin от 24-05-2018, 09:57, посмотрело: 88

1
Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылдық кітапханасында 2018 жылдың 23 мамыр күні "Бір ел - бір кітап" акциясы бойынша талдауға түскен Б.Момышұлының "Ұшқан ұя" повесін насихаттау барысында Түрген ауылдық кітапханасының оқу залында "Қазақ елінің қайсар батыры" атты тақырыпта 8-9 сынып оқушыларымен порттреттік кеш өтті. Батыр атамыздың өмірбаянына, шығармаларына шолу жасалып, оқушылар ғибратты сөздерін, өсиеттерін жатқа айтып берді. Жүргізуші Аллаберген Айнұр іс-шара соңында ел еркіндігін, бостандығын, тəуелсіздігін қанымен қорғаған Б.Момышұлы атамызды оқушыларға үлгі ете отырып, Отанын, Елін, Жерін, Ұлтын қорғау жолында жанын садаға ететін ұрпақ болу керек екенін сезіндіру мақсатында ұйымдастырған іс- шараға келгендерге алғыс айтты.
 

 

Ұшқан ұя шығармасы - патриоттық тәрбие негізі

Категория: Информация, Автор: Admin от 23-05-2018, 10:43, посмотрело: 83

0
Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық кітапханасында 2018 жылдың 22 мамыр күні кітапханашы Ж.Базарова «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында таңдалып алынған Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» романын насихаттау мақсатында Н.Островский орта мектебінің 5-сынып оқушылыры арасында Б.Момышұлының «Ұшқан ұя шығармасы - патриоттық тәрбие негізі» атты тұлғатану сағатын өткізді. Б.Момышұлына алдымен тұлға ретіне қалыптасу үшін әсер еткен басты фактор – өзінің түлеп ұшқан ұясы, сондықтан да Б.Момышұлы өмірі мен шығармашылығы негізінде оқушылырды патриоттыққа тәрбиелеудегі мүмкіндіктер қарқымды қаламгердің «Ұшқан ұя» еңбегінде кеңінен қамтылғаны оқушылырға түсіндірілді.
 

 
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК