» Страница 6

Массовая работа

Рәміздер - елдігімнің тірегі

Категория: Информация, Автор: User от 5-06-2019, 09:34, посмотрело: 246

0
4 маусым күні Еңбекшіқазақ ауданы Тескенсу ауылдық кітапханасында рәміздер мерекесіне орай "Рәміздер - елдігімнің тірегі" атты әдеби сазды кеш өтті. Кешке кітапхана оқырмандары, Тескенсу ауылдық округі әкімшілігінің қызметкерлері мен оқушылар қатысты. Кеш Қазақстан Республикасының Гимнімен ашылды. Кеш барысында мемлекеттік рәміздеріміз Ту, Елтаңба, Гимнің шығу тарихымен, авторларының өмірбаянымен таныстырылып, әрбір нышандарға шолу жасалынды.
 
 

 

Рәміздер - Тәуелсіздік белгісі

Категория: Информация, Автор: User от 4-06-2019, 16:06, посмотрело: 257

0 Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылдық кітапханасында 4 маусым Рәміздер күніне орай «Рәміздер - Тәуелсіздік белгісі» атты тақырыпта танымдық сағат өтті. Іс-шара мәдениет үйінің қызметкерлері, мұражай қызметкерлері және Сөгеті ауылдық әкімі аппаратының қызметкерлерімен бірігіп ұйымдастырылды. Мақсаты: Отан, Қазақстан, Туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасың рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушыларды отансүйгіштіке, адамгершіліке, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Танымдық сағат басталар алдында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Оқушылар рәміздер күніне дайындаған өлеңдерін жатқа айтты. Оқушыларға слайд арқылы елтаңбаның латын қаріпінде жазылған жаңа нұсқасы көрсетілді. Кітапханашы К.Есимова оқушыларға слайд арқылы аса маңызды мемлекеттік белгілер - Рәміздермен жан-жақты таныстырып, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткенімен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасады.
 
 

Менің елімнің рәміздері

Категория: Информация, Автор: User от 4-06-2019, 15:56, посмотрело: 278

0
Еңбекшіқазақ ауданы Қаражота ауылдық мәдениет үйінде 4-ші маусым рәміздер күніне орай ауылдық кітапхана мен мәдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, оқушылар мен оқырмандардың қатысуымен "Менің елімнің рәміздері" атты танымдық сағат өтті. Кітапханашы Ж.Ботамбаева «Рәміздерім мақтанышым» деген тақырыпта баяндама оқыды. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты қастерлеу болып табылады. Рәміздер - бұлар біздің еліміздің, яғни Республикамыздың бет бейнесі, біз үшін биік, біз үшін қастерлі. Балалар еліміздің рәміздері туралы өлеңдері мен әндерін орындады.
 
 

Ел рəміздері - елімнің мақтанышы

Категория: Информация, Автор: User от 4-06-2019, 15:46, посмотрело: 314

0
Еңбекшіқазақ ауданы Бəйдібек би ауылдық кітапханасы 2019 жылдың 4 маусымы күні сағат 10.30-да рəміздер күніне орай "Ел рəміздері - елімнің мақтанышы" тақырыбында мерекелік іс-шараны ауылдық мəдениет үйімен бірлесіп өткізді. Іс-шараға əкімшілік мамандары, ауыл тұрғындары, кітапхана оқырмандары қатысып, ой бөлісті.
 
 

Рәмізге құрмет - Елге құрмет

Категория: Информация, Автор: User от 4-06-2019, 15:37, посмотрело: 211

0 Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылдық кітапханасында 4-маусым күні рәміздер күніне орай "Рәмізге құрмет - Елге құрмет " атты патриоттық сағат өтті. Бұл іс-шараны кітапхана, Мәдениет үйінің ұжымы кіші бауын оқушыларына арнап ұйымдастырды. Патриоттық сағат Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен басталды. Мақсаты: оқушыларға Қазақстан Республикасынын Мемлекеттік рәміздері туралы ақпарат беру, оларды ерекше құрметтеуге түсінік қалыптастыру. Іс-шара барысында Қаракемер мәдениет үйінің директоры А.Мамырбекова оқушыларды Мемлекеттік рәміздер күнінемен құттықтап, оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, халқына адал қызмет етуге, елінің туын, елтаңбасын, әнұранын қастерлеуге шақырды. Оқушылар рәміздерге, Отанға, еліне, туған жеріне байланысты өлеңдерді жатқа айтты. 
Кітапханашы Ж.Наширбекова іс - шара соңында "Тәуелсізбен, желбірейді көк Туым!" атты кітап көрмесімен таныстырды.
 
 

Туым - намыс, ұраным - бірлік, рәміздерім - мақтанышым

Категория: Информация, Автор: User от 4-06-2019, 15:30, посмотрело: 255

0
4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Осы мерекеге орай Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасының кітапханашылары ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау мақсатында Абылай хан атындағы орта мектептің жанындағы лагерінде «Туым - намыс, ұраным - бірлік, рәміздерім - мақтанышым» атты танымдық сағат өткізді. Танымдық сағат Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен басталды. Кітапханашылар М.Шаким мен Г.Дуйсембинова тәуелсіздік нышаныдары ҚР Мемлекеттік рәміздерінің қадір – қасиеті туралы айта келіп, тәуелсіз еліміздің қасиетті белгілерін әрқайсымыз қадірлеп, қастерлеуіміз керек екенін айтты.
 
 

Елдігімнің, өрлігімнің белгісі рәміздер

Категория: Информация, Автор: User от 3-06-2019, 15:22, посмотрело: 209

0 3 маусым күні Еңбекшіқазақ ауданы Қазақстан ауылдық кітапханасында "Елдігімнің, өрлігімнің белгісі рәміздер" атты әдеби сазды кеш өтті. Кешке оқушылар және кітапхана оқырмандары қатысты. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне халқымыздың тұтастығы бейнелейтін Ту, Елтаңба, Әнұран жатады. Әр елдің рәміздерінің өзіндік тарихы бар.
Біздің мемлекеттік рәміздеріміз - ұлтымыздың мәңгі байлығы.Кеш барысында рәміздердің шығу тарихына шолу жасалынды, рәміздер туралы өлеңдер оқылды. Іс-шараның мақсаты: Рәміздерді құрметтеу, Отанын, елін сүйетін азамат болу туралы айтылып өтті.
 
 

Балалар кітап патшалығында

Категория: Информация, Автор: User от 1-06-2019, 11:52, посмотрело: 185

0

Қаракемер ауылдық кітапханасында 1 маусым күні Халықаралық балалар қорғау күніне орай "Балалар кітап патшалығында" атты фанфишн ұйымдастырылды. Бұл іс - шараның мақсаты: оқушыларға кітапқа деген қызығушылықты арттыру, кітаптың адам өміріндегі алатын орны туралы түсінік беру, сөйлеу мәнерін дамыту, дауыстап оқыту. Кітапханашы Ж.Наширбекова балаларды бүгінгі Баларлар күнімен құттықтап, алдағы жазғы демалыстарын жақсы өткізулерін тіледі. Оқушылар кітапханада танымал қазақ ертегілерін оқып, әрі қалай ертегілердің мазмұнын аңызға жалғастырды. Осы оқыған ертегілерінің үзінділерінен оқушылар қағаз бетіне сүрет салумен аяқтады.

 

Бүгінгі ана және бесік жыры

Категория: Информация, Автор: User от 31-05-2019, 15:28, посмотрело: 211

0
Жайдары жаздың бірінші күніне дәл келетін Балаларды қорғау күні – халықаралық мерекелердің бірі. Балаларымыздың тәрбиесі бесіктен басталатыны баршамызға аян. Мемлекетіміздің саясатымен алдымен олардың дұрыс өсіп жетілуіне, тәрбиеленуіне үлкен көңіл бөлінуде. Осы орайда 31 мамыр күні Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Бүгінгі ана және бесік жыры» тақырыбында ой-талқы өтті. Іс-шараға арнайы шақырылған қонақтар, ата-аналар, балалар 30 адам қатысты. Жас оқырмандардың жеке қасиеттерін дамыту, өлеңдерді, әндерді нақышына келтіре айтуға үйрету. Бір - бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін биік ұстауға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шарада кітапхана әдіскері Г.Саурықова 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, ыстық лебізін білдірді. Бүлдіршіндер өнерлерін көрсетіп, ән айтып, мың бұрала би биледі. Іс-шара соңында әр балаға сыилықтар таратылды.
 
Салтанат Мамажанова суреті.
 

Жыр жампозы - Ілияс

Категория: Информация, Автор: User от 30-05-2019, 16:37, посмотрело: 187

0
30 мамыр күні Еңбекшіқазақ ауданы Қаражота ауылдық кітапхансының кітапханашысы Ж.Ботамбаева және Мәдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 31-ші мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Құлагер ақын І.Жансүгіровтың туғанына 125 жыл толуына арналған "Жыр жампозы - Ілияс" атты еске алу сағаты өтті. Сан-салалы, көп қырлы, Жансүгіров шығармаларының бастауалар арнасы қазақ халқының бай ауыз әдебиеті, Абай поэзиясы, орыс және дүниежүзі әдебиетінің озық үлгілерімен кітапханашы таныстырды. Еске алу сағатына 9-шы сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы зұлмат жылдары елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу, өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.
 
 
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК